26 Тамыз, 17:08
RAST.kz
USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Ресейдің футболдан 6 дүркін чемпионы спортшыларды елден кетуге шақырды

17 Қараша 2023 10:49
- Жаңалықтар, Сайыс
Ресейдің футболдан 6 дүркін чемпионы спортшыларды елден кетуге шақырды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

МӘСКЕУ. 17 қараша. Ресей құрамасы мен ЦСКА командасының бұрынғы қорғаушысы Василий Березуцкий ресейліктерді спорттық мансаптарын жалғастыру үшін шекара асып кетуді ұсынды. Бұл туралы The Moscow News дерегінен сүйенген rast.kz хабарлайды.

Кезінде Ресейдің алты мәрте чемпионы атанған футболшы на YouTube-арнасында журналист Нобель Арустамянға берген сұхбатында Ресейде спортшылардың дамуына енді ешқандай мүмкіндік жоқ екенін айтты. Сол үшін атлеттер тез елден кетулері керек.

«Ал егер мақсаттары тек ақша табу ғана болса, Ресейде қала берсін», – деп атап көрсетті Березуцкий. Ол мұның футболшыларға ғана емес, барлық спортшыларға қатысты екенін ашып айтты. Тезірек бөтен елге кетіп, сол мемлекеттің намысын қорғайтындай жағдайға жету керек. Демек, РФ азаматтығынан бас тартуға тура келеді.

«Бұл жерде спортшының қай елге барып, қандай жалаудың астында өнер көрсеткені маңызды емес. Өйткені, ол осы кезге дейін өзінің саналы өмірінің 15, 20 жылын спортқа сарп етті. Енді келіп оған «Сен Еуропа турнирлеріне қатыса алмайсың, сен мынаны жасай алмайсың, себебі, Ресей азаматысың» дейді. Сондықтан мүмкіндік болып жатса, қалайда кетіп қалу керек», – деп есептейді бұрынғы футболшы.

Қазір жасы 41-ге келген Василий Березуцкий Ресейдің алты дүркін чемпионы болумен бірге көптеген атақтарға қол жеткізді. Ол – егіздің сыңары. Оны сыңары – Алексей Березуцкий де өзімен бірге ЦСКА-да және құрамада ойнады. Спорттық мансабын аяқтағаннан кейін ЦСКА, «Краснодар» және нидерландтық «Витесс» командаларында жаттықтырушы болды. Қазір Испанияда тұрып жатыр.

Бұдан бұрын Ресей құрамасының бас жаттықтырушысы Валерий Карпин де ресейлік футболшыларды өз деңгейлерін көтеру үшін Ресей премьер-лигасын тастап, шетелге кетіп қалуға шақырған еді.

 

Таңбалар: Василий БерезуцкийРесейспортшыларшетел

Ұқсас мақалалар

Ресейліктердің болашаққа деген сенімі 90-шы жылдар деңгейіне түсіп кетті
Әлеумет

Ресейліктердің болашаққа деген сенімі 90-шы жылдар деңгейіне түсіп кетті

21.08.2026
Сыртқы экономика банкінің бас экономисі Ресейдің жеңіске жете алмасын айтты
Дәулет

Сыртқы экономика банкінің бас экономисі Ресейдің жеңіске жете алмасын айтты

16.08.2026
Сакартвело премьері Ресеймен елшілікті қалпына келтіруді жоққа шығарды
Жаңалықтар

Сакартвело премьері Ресеймен елшілікті қалпына келтіруді жоққа шығарды

11.08.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Қалп хабар таратып, полицейлерді қараламақ болған қызылордалық қыз жаза алды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist