Өзбекстанда Украинадағы соғысқа қатысқан адам бірінші рет сотталды
ТАШКЕНТ. 1 қараша. Өзбекстан соты өзін өзі жариялаған Донецк халық республикасы армиясы сапында соғысқа қатысқан өзбекстандық азаматты бірінші мәрте жазаға тартылды. Бұл туралы The Moscow News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Сот 38 жастағы Ильдар Хайруллинді басқыншылар әскері бөлімшесі сапында Украина қарулы күштеріне қарсы соғысқаны үшін бес жылға бас бостандығынан айырды.
Тергеуге келіп түскен мәліметтерге қарағанда, өзбекстандық татар жігіті Ильдар Хайруллин Украина территориясында 2014-2015 жылдары жүргізілген сепаратистік ұрыс қимылдарына қатысқан.
Сот оның әрекетін Өзбекстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 154-бабына сәйкес, жаодамалы ретінде бөтен елдің соғысына қатысушылық деп бағалады. Тергеу барысында Хайруллиннің телефонынан оның «ұрыс қимылдары мақсатында қозғалғаны» жайлы ақпарлар скриншоттары алынды. Бірақ сотталушының туыстары оның сол мезеттері соғыста емес, Ресейде, Татарстанда болғаны жайлы айтып, ақтап алғылары келді. Мысалы, ағасы Ленур Давлетшин «Миротворецте» жарияланған суретте Хайруллиннің қолында отты қару емес, пневматикалық мылтық болғанын алға тартады.
Бұл Өзбекстанда ел азаматының басқа мемлекеті армиясы құрамында Украина жерінде соғысқа қатысқаны үшін жаза алғанын көрсететін бірінші оқиға болды. Бұдан бұрын өзбек билігі өзін өзі жариялаған Донецк және Луганск халық республикаларын тән алмайтынын және Украинаның территориялық тұтастығын қолдайтынын мәлімдеген болатын