Шварценеггер сатып алған есегімен жұмысқа барып жүр (видео)
МӘСКЕУ. 27 ақпан. Америкалық белгілі киноактер Арнольд Шварценеггер есек сатып алып, онымен жұмысқа баратын болып жүр. Бұл туралы «Lenta.ru» хабарлады.
Актер сатып алған есегімен бірге жүрген, жұмысқа барған, оларды офиске қалай кіргізген сәттерінің бәрін видеоға түсіріп алып, оны өзінің Instagram-аккаунтында жариялады.
Роликте актердің есегі жанында тұрған понилер көрініп тұр. «Бұл жолы мен Лулуды әкелдім», – деп жазыпты Шварценеггер.
«Daily Mail» газеті хабарлағандай, Виски атты құйтақандай ат та Арнольдтікі екен. Бұдан алдын ол жұмысқа пониді ертіп барып жүргені туралы пост жазып еді.
Өткен жылғы қазан айының басында Арнольд Шварценеггер Ресейге келіп, Санкт-Петербургте өткен Synergy Global Forum форумына қатысқан болатын. Шара барысында оған ресейліктердің түрі ең әдемі деген пікірге келісер-келіспесі сұралды. Сонда актер мұның әділ тұжырым екенін ауызға ала отырып, бұл елдің әйелдерін ақылдылығы мен таланттылықтары үшін мақтады.