25 Тамыз, 15:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Бас прокуратураға Алматы облысының экс-прокуроры жөнінде шағым түсті

26 Тамыз 2024 10:48
- Жаңалықтар, Құқық
Бас прокуратураға Алматы облысының экс-прокуроры жөнінде шағым түсті
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ТАЛДЫҚОРҒАН. 26 тамыз. Алматы облысының бұрынғы прокурорының Қаңтар оқиғасы кезінде әрекетсіз отырғаны жөнінде жан-жақты баяндалған баянат жіберілді. Бұл туралы ҚазТАГ дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Экс-прокурордың айтулы оқиғалар күндерінде қасақана қимыл-әрекетсіз отырғаны хақындағы арызды ішкі істер органдарының ардагері, полиция полковнигі Серік Ақтымбаев жазды.

«Мен, полиция полковнигі Ақтымбаев, және басқа да офицерлер, Бас прокурорға ресми мәлімдеме жолдаймыз. 2022 жылғы 5 қаңтар күні сағат 18:00-ге таман Алматы облысы полиция департаментінің бастығы, генерал Күдебаев полицияның әкімшілік ғимараттарында сақталған ішкі істер органдарының арт-технологиялық қаруларын қалдырып кету туралы заңсыз бұйрық берді. Осы бұйрықтың салдарынан құпия материалдар, қару-жарақтар мен оқ-дәрілер ұрланды. Мұндай берекесіздіктің орын алуы Алматы облысы прокуратурасының – прокурор, генерал Жылқыбаевтың 2022 жылдың 5 қаңтарындағы әрекетсіздігінен мүмкін болды», – делінген полиция ардагерінің мәлімдемесінде.

Мәлімдемеге қарағанда, сол кезде «Жылқыбаев өзінің өкілеттігі арқасында осы заңсыз бұйрығы үшін Күдебаевқа қарсы қылмыстық іс қозғап, оны сол уақытта тұтқындауға міндеттелінген».

«Дол сол мезгілде Күдебаевтың орынбасары прокурорлық актіні орындау үшін департамент бастығының өкілеттіктерін қабылдап алуға және ғимараттарды қорғауды ұйымдастыруға да, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге де міндетті болды. Осылайша, Жылқыбаев Талдықорған қаласы аумағында заңды қамтамасыз ету жөніндегі тікелей прокурорлық ден қою актілері, құқық қорғау органдары мен бекітілген күштерді үйлестіруге, Алматы және Шымкент қалаларының прокурорлары сияқты тікелей міндеттерін орындауға міндеттелді. Алайда мұның ешқайсысы жасалған жоқ және біздегі мәлімет бойынша, прокурор Жылқыбаев Талдықорғаннан 2022 жылдың 5 қаңтарында Күдебаевтан бұрын кетіп қалған», – деп жазады Серік Ақтымбаев өз шағымында.

Тағы бір сорақы болжам: «Қаңтар оқиғасына прокурор Жылқыбаевтың да қатысты бар».

«Бұл – облыстық прокуратураға бекітілген қызметтік қаруды ұрлау фактісі, оның сақталуына бірінші басшы ретінде прокурор Жылқыбаев та жауапты. Өкінішке қарай, арада екі жылдан аса уақыт өтсе де прокуратура қаруды іздестіру шараларын ұйымдастырмай, кінәлілер жауапқа тартылмай отыр. Оның орнына екі жылдан кейін Бас прокуратураның тұтас бір тобы Талдықорған қалалық ПД бұрынғы бастығы, полковник Асқар Нұрсапа мен оның орынбасарын қудалауға кірісті. Олар тіпті іс жүзінде зардап шегущі болып табылады», – дейді полиция ардагері.

Серік Ақтымбаев 2022 жылғы 5 қаңтарда алаңда агрессивті наразылық білдірушілердің полковник Асқар Нұрсапаны есінен танғанша аяусыз соққыға жыққанын, ал облыс прокуроры Азамат Жылқыбаевтың қашып кетуіне байланысты прокуратура біртұтас жүйе ретінде әрекетсіз болғанын еске түсіріп өтеді.

«Сондықтан Бас прокуратураның ҚазТАГ-қа менің мәлімдемеме орай берген жауабындағы полиция қызметкерлерінің өздерінің қызметтік міндеттерін орындамағаны жайын баяндаған түсіндірмесі ешқандай сын көтермейді». – деп атап өтті офицер.

Оның айтуынша, «сол күні Алматы облысының прокуроры, генерал Жылқыбаев та, наразылық білдірушілерге ол әрекетінің заңсыздығын түсіндіруге жауапты бірде-бір прокурор да алаңда көрінбеген».

«Қорытындыда құрметті Бас прокурор, болған қоғамдық қауіпті зардаптар мен прокурор Азамат Жылқыбаевтың әрекетсіздігі арасында тікелей себеп-салдарлық байланыс бар. Осыған байланысты осы өтінішті қарап, Алматы облысы прокуратурасы қызметкерлерінің әрекетсіздігіне құқықтық баға беруіңізді сұраймын. Прокуратураға тағайындалған екі тапаншаның жоғалуы бойынша тергеуді бастаңыз», – деп хатын аяқтайды полиция ардагері.

Еске сала кетейік, ҚазТАГ 11 маусымда 2022 жылғы Қаңтар оқиғалары кезінде Алматы облыстық әкімдігінің ғимаратын қорғап жүрген Асқар Нұрсапаның тәртіпсіз тобырдың тепкісіне ұшырап, аяусыз соққыға жығылғаны жайлы жазған еді. Ал 11 шілдеде Асқар Нұрсапаның әкесі болып келетін Серік Ақтымбаев өзінің ұлын қылмыстық қудалауға түсіріп жүрген Алматы облысының бұрынғы басшылығы мен өңір күштік құрылымдарының жетекшілерін бірінші кезекте жауапқа тарту керектігін айтқан болатын. 15 шілледе ҚазТАГ Талдықорған қоғамдық кеңесінің Асқар Нұрсапаны қылмыстық қудалауды тоқтату жөнінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жолдағанын жазды.

Таңбалар: бас прокуратурақаңтар оқиғасыполицияСерік Ақтымбаев

Ұқсас мақалалар

Қызылорда облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жүріп жатыр
Аймақ

Қызылорда облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жүріп жатыр

07.08.2026
Қаңтар оқиғасы жайлы тағы бір фолиант баспа жүзінен шықты
Жаңалықтар

Қаңтар оқиғасы жайлы тағы бір фолиант баспа жүзінен шықты

26.12.2025
Қызылордада полицейлер жастар өкілдерімен кездесті
Жаңалықтар

Қызылордада полицейлер жастар өкілдерімен кездесті

17.09.2025

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist