Жаңалықтар жаңғырығыЭкономика

Байден Конгрестен Украинаға $100 млрд көлемінде көмек беруді сұрағалы отыр

ВАШИНГТОН. 9 қазан. АҚШ президенті Джозеф Байден Украина үшін Конгрестен соғыс және гуманитарлық көмек пакеті тарихындағы ең көп сома – $100 млрд беруді ұсынады. Бұл туралы The Telegraph дерегіне сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.

Ақ үйдің қожайыны келесі президенттік сайлауға дейін Киевке қолдау көрсету проблемасын біржола шешіп тастамақ болып отыр. Себебі, Республикалық партияның кейбір өкілдері бұл мақсатқа бұдан әрі қаржы бөле беруге қарсылық көрсете бастады.

«Негізі, «үлкен пакет» тұжырымдамасын әкімшілік мүшелерінің басым көпшілігі табанды түрде қолдайды. Украинаның жақтастары 2024 жылғы президент сайлауына дейін бұл мәселені түпкілікті шешіп тастайтын бір реттік заң жобасы болғанын қалайды», – деп түсіндірді жағдайды Ақ үйге жақын мәнбенің бірі.

Байден әкімшілігінің өкілі мұндай нұсқаның қарастырылып жатқанын растады. Алайда АҚШ Конгресі өкілдері палатасының жаңа спикері сайланғанға дейін шешім қабылдана қоймайды. Мұның алдындағы төраға – республикашыл Кевин Маккарти 3 қазанда отставкаға жіберілді.

Басылымның мәліметі бойынша, бірқатар республикашылар Украинаға шығынданудың «бір реттік» заң жобасы қабылдануына қарсы шығады, осыған байланысты жаңа спикер жобаны дауыс беруге шығаруы үшін Джо Байденге енді оларға оңшыл консерваторлардың шекаралық бақылауы мен кейбір бекеттерін беруге тура келеді.

АҚШ президенті коннгресмендерден барынша қолдау алу үшін олардың алдында сөз сөйлеп, Киевке көмек көрсетуді жалғастыру қажет екенін дәлелдеуге тырысады. Басылым әңгімешісінің айтуынша, Байден «Американы Украинаға қолдау көрсетудің маңызы неде екенін және таразы басына ненің түсіп тұрғанын түсіну жағынан біріктіру ниетін ұстанып отыр. Әзірге оның сөйлейтін күні белгіленген жоқ.

Ресей Украинаға басып кірген 2022 жылдың ақпан айынан бері АҚШ Украинаға $113 млрд шамасында төрт рет әскери көмек көрсетті. 30 қыркүйекте Құрама Штаттарды Украинаға жәрдем беру қарастырылатын уақытша бюджет қабылданды. Оны Байден бекітті.

 

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button