Жаңалықтар жаңғырығыЖаһан

Қарабақ жеңілгенін мойындап, Әзербайжанның барлық шарттарға келісіп отыр

ХАНКЕНДИ. 20 қыркүйек. Бүгін Қарабақтың заңсыз билігі Әзербайжаннан жеңілгенін мойындап, оның барлық шарттарына келісетінін білдірді. Бұл туралы The Moscow News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

«Таулы Қарабақтың мойындалмаған билігі сәрсенбі күні ұрыс қимылдарының тоқтатылғанын және осының алдында өңірде әскери операциясын бастаған Әзербайжанның барлық шарттарына келісетінін жариялады», – делінген хабарламада.

Мойындадмаған республиканың үкіметі Ресей бітімгерлік контингенті командованиесінің делдалдығы арқылы 2023 жылғы 20 қыркүйек күні сағат 13:00-ден бастап ұрыс қимылдарын толық тоқтату жөнінде келісімге қол жеткізілгенін хабарлады.

Осы келісім шеңберінде енді «Таулы Қарабақ қорғаныс армиясы» толық қарусыздандырылады, оның соғыс техникалары түгел жойылады, ал Армения қарулы күштерінің бөлімшелері РФ бітімгерлік контингенті орналасқан аймақтан толығымен шығарылып әкетіледі.

Қарабақтың Әзербайжанмен бірігу мәселесі 21 қыркүйек, бейсенбі күні басталатын Бакумен келіссөз барысында шешіледі.

Әзербайжан қорғаныс министрлігі ұрыс қимылдарының тоқтағанын растай келіп, Армения мен «заңсыз қарулы құрылымдар» қаруларын тапсыратындарын баяндады. Әзербайжан әскерилері Арменияның 90-нан астам жауынгерлік позициясын өз бақылауына алған.

Әзербайжан армиясы сейсенбі күні түске жақын өңірде «конституциялық құрылымды» қалпына келтіру үшін Қарабақ территориясын, соның ішінде Ханкендиді (Стапенакертті) атқылауды бастап кетті.

Осыдан кейін Хайастан (Армения) Ресейдің 2020 жылдан бері Қарабақта тұрған бітімгер контингентінен көмек сұрады. Сол жылы әзербайжан әскери бөлімдері қысқа да жемісті ұрыс қимылдары арқылы 1988-1994 жылдардағы соғыс кезеңі қорытындысымен Қарабақтың армян жағында қалып қойған территорияларын қайтарып алған болатын.

Ресей Ереванның өтінішіне сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова мен президенттің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков арқылы жауап қайтарды.

«Ресей 19 қыркүйекте ұрыс қимылдары қайта жалғасқан Қарабақтағы ахуалдың шиеленісе түсуіне «айрықша алаңдаушылық» білдіреді», – деді РФ сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова. «Алайда Ереван соңғы кездері «батыстың ықпалымен» Ресейге қатысты жаулық позициясын ұстана бастады», – деді ол тағы. Армения қыркүйек айында АҚШ-пен бірігіп әскери жаттығу жиынын өткізді және Рүм статутын ратификациялау үдерісін бастап кетті. Бұлардың соңғысы егер РФ президенті Владимир Путин Армения территориясына келе қалатын болса, оны Гаагадағы Халықаралық қылмыстық сотқа ұстап беруге алып барады.

Әзербайжанның Қарабақ территориясын интенсивті атқылауы салдарынан 100-ге жуық адам қаза тапты, жүздеген адам жарақаттанып қалды.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button