Пашинян: Армения Путинді қамауға алатын елдер қатарына қосылады
ЕРЕВАН. 14 қыркүйек. Армения премьер-министрі Никол Пашинян Арменияның Путинді Гаага сотының ордері бойынша тұтқынға алатын елдердің қатарына қосылғалы жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы The Moscow News дерегіне сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.
Пашинян Хайастанның (Арменияның) Халықаралық қылмыстық соттың (ХҚС) Рүм статутын «толық көлемінде» ратификация жасайтынын айтты. Оның сөзіне қарағанда, осыған сәйкес «саяси шешім» қабылданып қойылған және енді өзгертуге жатпайды.
«Үкімет Рүм статутын парламентке жөнелтіп қойды. <…> Бұл Ресейге қарсы бағытталған қадам емес, ол біздің өз қауіпсіздігімізге қатысыт мәселе», – деп атап өтті премьер-министр.
Пашинян Хайастанның ратификация жасау үдерісін 2022 жылдың желтоқсанында-ақ бастап кеткенін еске салды. «Өкінішке қарай, бұдан кейін Ресей мен ХҚС қарым-қатынасы арасына жарықшақ түсіп кетті», – деді ол биылғы наурыз айында Гаагадағы соттың украин балаларын заңсыз депортациялап алып кетті деген күдікке іліккен РФ президенті Владимир Путин мен омбудсмен Мария Львова-Белованы қамауға алуға ордер бергенін қаперге ала тұрып.
«Біз, әрине, осыған байланысты кері пікірлер мен үрейлі ахуалдың туып жатқанын жақсы түсінеміз, бірақ енді басқа әріптестермен қарым-қатынастарымыз бен олардың алдындағы міндеттерімізді тоқтатып тастай алмаймыз», – деді Пашинян Хайастан қоғамдық телеарнасына берген сұхбатында.
Ол Арменияның статутты ратификация жасауға ұмтылыстың Әзербайжан шекарасындағы «қым-қуыт хәлмен» байланысты екеніне назар аударды. «Біз ратификация жасаймыз, себебі, 2022 жылғы қыркүйектегі оқиғаларды, 2021 жылғы мамырдағы оқиғаларды (Қарабақтағы жағдайдың ушығып кеткен кездері – ТМТ) Халықаралық қылмыстық соттың қарағанын қалаймыз», – деді Пашинян.
Оның пікірінше, «ҰҚШҰ өзінің республика алдындағы міндеттемелерін орындамаған және орындамайтын жағдайында елдің көтеріліп кететін қауіпсіздік деңгейіне айтарлықтай ықпал ете алады».
Хайастан Рүм статутына 1998 жылы қол қойған болатын. Ал 2022 жылдың аяғында үкімет құжаттың елдің Негізгі заңына сәйкес келуі мәселесі бойынша конституциялық сотқа жүгінді. Ал 24 наурызда конституциялық сот оң шешім шығарып берді.
Енді ратификациядан кейін Армения билігі республикаға келе қалған жағдайында Путинді қамауға алуға мінлетті болады. Мәскеу осыған байланысты сыртқы істер желісі бойынша Ереваннан түсіндірме беруді сұрады. Ведомство өкілі Мария Захарова Ресейдің Арменияға қатысты әрекеті осы жауапқа байланысты болатынын атап өтті.
Сол екі аралықта РФ сыртқы істер министрлігіндегі мәнбе ТАСС-қа Рүм статутына қосылған жағдайда Арменияға «барынша кері зардаптар» жасалатыны осы күндері ескертіліп үлгерілгенін мәлімдеді.