25 Тамыз, 09:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Әлеуметтік желі өре қарсы тұрғасын «Камызяки» Қазақстанға келмейтін болды

14 Қыркүйек 2023 18:11
- Жаңалықтар, Қайнар
Әлеуметтік желі өре қарсы тұрғасын «Камызяки» Қазақстанға келмейтін болды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 14 қыркүйек. Әлеуметтік желі қолданушылар өре тұрып қарсылық білдіргеннен кейін Ресейдің басқыншылығын жақтаушы «Камызяки» тобының еліміздегі концерттеріне тоқтау салынды. Бұл туралы NewTimes.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

«Камызяки» – Ресейдің Астрахан облысы Камызяк (түбірі Қамыс өзек болуы керек – ред.) ауданынан шыққан, негізінен қазақ жастарынан құралған көңілді тапқыштар клубының командасы.

Аталмыш топ 5 және 7 қазан күндері Алматы мен Астанада жеке (соло) концерт қоятын болып белгіленген еді. Алайда олардың агрессор мемлекет – Ресейдің Украинаға жасап жатқан басқыншылық соғысын құптауымен келіспеген және топтың жетекшісі Азамат Мұсағалиевтің бұдан бірқатар уақыт бұрын қазақ тілін «курлы-мурлы» деп келекелегеніне ашынған қазақстандық қауым бұл шараға қарсы өре көтерілді. Соның ішінде Ирина Торопова деген блогер топтың республикаға келіп, концерт қоюына қарсылық білдіретін петицияға қол жинауды бастап кетті. Оның ұсынысын екі күннің ішінде 17 мыңнан астам адам қолдады, тек мың қаралы көрермен ғана бұған қарсы позиция ұстанды.

Осыдан кейін кеше шараның ұйымдастырушылар командасы алдымен «Камызяки» тобының Қазақстандағы жеке концерттеріне билет сатудың уақытща тоқтатылғанын, ал бүгін турдың толық алынып тасталғанын мәлімдеді.

«Камызяки» ұжымы әртістерінің көпшілік алдындағы әрекеттеріне ашу-ыза білдірген қауымның кері байланысқа шығуына орай ұйымдастырушылар командасы топтың Қазақстан бойынша турын толық алып тастау жөнінде шешім қабылдады», – делінген хабарламада.

Сонымен қатар жұрттан бұған дейін сатылып қойылған билеттерді қайтару үшін операторларға жолығу сұралды.

Әлбетте, Ресей ресурстары бұл тойтарыстың өзін өштене қарсы алды. «Казахские националисты добились отмены в Казахстане концертов команды КВН «Камызяки», – деп жазды, мысалы, eadaily.com сайты бүгін.

Бұдан бұрын ресейлік әртістер Азамат Мұсағалиев мен Денис Дорохов Донбасстың «азат етілуіне» 80 жыл толуына орай қойылған концертке қатысқан болатын. Концерттен кейін олар РФ диктаторы Владимир Путин бастамашысы болып отырған басқыншылық соғысты қолдайтындарын білдірді.

Сондықтан Қазақстанның азаматтық қоғамы республикада «Камызякидің» концерттік туры болуына қарсы шықты.

Бұған дейін қазақ қоғамының наразылық танытуына байланысты елде Ресейдің Ирина Дубцова, Григорий Лепс, Лариса Долина, Полина Гагарина, Сергей Глушко, Никита Джигурда секілді өнер жұлдыздарының концерттеріне рұқсат етілмеген еді.

Мұның есесіне, РФ-ның Украинадағы оккупациясына бірден қарсы үн қатып, елден кетіп қалған шоумен Максим Галкиннің Қазақстанда қазан айында өтуі жоспарланып қойылған концертін жергілікті жұрт қолдап отыр.

Таңбалар: КамызякиконцертҚазақстан

Ұқсас мақалалар

Қазақстан дәрігерлері инфаркт пен инсульттің алдын алу жолдарын ұсынды
Жаңалықтар

Қазақстан дәрігерлері инфаркт пен инсульттің алдын алу жолдарын ұсынды

17.08.2026
Алматыда өтетін Канье Уэстің шоу концерті ертеңге қалдырылды
Жаңалықтар

Алматыда өтетін Канье Уэстің шоу концерті ертеңге қалдырылды

14.08.2026
Қызылордада Жастар күні Open Air концертімен өз мәресіне жетті
Әлеумет

Қызылордада Жастар күні Open Air концертімен өз мәресіне жетті

13.08.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist