Жаңалықтар жаңғырығыЖаһан

Ким Чен Ын Ресейге жетті, ол әдеттегідей бронды пойызбен келді

ВЛАДИВОСТОК. 12 қыркүйек. КХДР лидері Ким Чен Ын Пхеньяннан арнайы пойызбен шығып, Ресейдің Қиыр Шығыстағы ең үлкен қаласы – Владивостокқа келіп қойды. Бұл туралы «РИА Новости» ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Оның жанында өз шенеуніктері, әскерилер мен сыртқы істер министрі бар.

Солтүстік Кореяның Орталық телеграф агенттігі түсірген фотографияда КХДР басшысынан бөлек, жол жүруге дайындалып тұрған делегацияны шығарып салуға келген ондаған шенеуніктер, әскерилер мен басқа да азаматтар көрініп тұр.

The New York Times газеті 4 қыркүйек күні Ким Чен Ынның осы айда Ресейге ресми сапармен баратыны жайлы жазды. Онда диктатордың Ресейдің өзі секілді диктаторы Владимир Путинмен кездесетіні айтылған.

Кездесу Владивосток қаласында өтеді деп жоспарланған.  Келіссөзде РФ-ның Украинадағы соғысына керекті қару-жарақтар мен оқ-дәрілердің көп мөлшерін алуы хақында сөз қозғалуы тиіс.

11 қыркүйекте бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары КХДР лидерінің сейсенбі күні Путинмен кездесетінін атап көрсетті. Кремль Ким Чен Ынның дүйсенбі күні келетінін мәлімдеді.

 

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button