26 Тамыз, 20:08
RAST.kz
USD USD 458.87 ₸
EUR EUR 535.09 ₸
RUB RUB 5.42 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қазақстанда орыс тілі қысым көруде деп шағынған РФ консулы қызметінен алынды

28 Тамыз 2023 21:53
- Жаңалықтар, Қайнар
Қазақстанда орыс тілі қысым көруде деп шағынған РФ консулы қызметінен алынды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 28 тамыз. Ресейдің Қазақстандағы бас консулы Евгений Бобров республикада орыс тілінің аясы тарылып келеді деген негізсіз мәлімдеме жасағаннан кейін лауазымынан айрылып қалды. Бұл туралы The Moscow News ақпарына сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.

«Дәл қазіргі мезетте ол Қазақстанда жоқ. Ол енді біздің республикада жұмыс істемейді. Өзінің елшілік миссиясын аяқтады», – деді Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің өкілі Айбек Смадияров.

Дипломат 2018 жылғы қазаннан бері Ресейдің Алматыда бас консул болып отырды. Арасында осындай бүйректен сирақ шығаратын өтіріктерді гөйтіп қойып жүрді. Сірә, «қожайынға» жағу үшін солай етіп тұрды-ау. Әлде тапсырма солай болды ма екен…

Сол бейәдеп Бобров биылғы 23 тамызда Қазақстанда «орыс тілін пайдалану мен үйренудің деңгейі құлдырағаны» жайды сөз қозғады. Оның пікірінше, бұл «объективті себептерге», яғни орыс тұрғындарының саны 15,2 пайызға дейін азаюына байланысты емес, республика Оқу-ағарту министрлігінің «балаларды оқытудың мемлекеттік бағдарламасының тірегі етіп тек қазақ тілі етіп өзгертуге» бағыт ұстай бастағанынан болып отыр-мыс.

Бобров өз сөзінде Қазақстанда орыс тілді мектептер мен сыныптардың азайып кеткенін, орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің жетіспеушілігі пайда болғанын атап өтті. «Оқытушылар құрамының жалпы тапшылығы 20 мың адамға дейін жетті», – деді ол.

Смадияров бұл шағымдарды жоққа шығарып, Бобров «барлық ақпарды жетік білмеген шығар» деген болжам айтты. Осыған орай Сыртқы істер министрлігінің өкілі Оқу-ағарту министрлігінің мәліметтеріне сілтеме жасай отырып, республикадағы 7 711 мемлекеттік мектептің 3 957-сі қазақ тілінде, 1 203-і орыс тілінде және 2 551-і екі тілде де білім беретіндеріне тоқталды. Мұның өзі тұрғын халықтың пайыздық үлесімен өлшегенде, басыңқылықтың орыс тілі жағында тұрғанын айғақтайды.

Смадияровтың айтуынша, барлық мектептерді таза қазақ тіліне көшіру жөнінде жоспар жоқ, балалары қай тілде оқитынын ата-аналардың өздері шешеді.

Қазақстан ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиевтің мәліметінше, биыл Ұлттық бірыңғай тестіні орыс тілінде оқушылардың 24 пайызы тапсырған.

Өткен жылғы қарашада Кремльдің асыранды саясаттанушысы Дмитрий Дробницкий РФ мемлекеттік ТВ эфирінде Қазақстан «Ресейдің Украинадан кейінгі проблемасы болуы мүмкін» деп мәлімдеді. «Онда да нацистік процестер басталуы ықтимал. Онда орыстар көп, территория да… Кешіріңіздер, Семей де сонда, біздің «Росатомның» барлық ядролық отыны да сонда», – деді ол. Осыған ұқсас риториканы Кремль өзінің Украинаға шабуылын ақтап алу үшін айтқан болатын.

Сол кезде Дробницкийдің айтқандары үлкен жанжал туғызған. Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Ресей басшылығынан жауап беруді талап еткенде, Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мұның Ресейдің «ресми көзқарасына ешқандай сәйкес келимейтінін» айтып отырып, пропагандист Владимир Соловьевтің шоуындағы саясаттанушылардың «мейлінше қолайсыз» сөздеріне көп мән бере бермеуге шақырған болатын.

Қазақстан жақын келешекте кирилл әріптерін қолданудан бас тартуды жоспарлап отыр. Латын әліппесіне көшу мұның алдындағы президенттің кезінен бері талқыланып келеді. Мемлекеттік деңгейде болашақ әліппенің варианттары жасалып жатыр. Биылғы сәуірде президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұрынғы қателіктерді қайталамау үшін аталмыш жұмысты Ғылым академиясының басшылығымен жалғастыру керек екенін мәлімдеді.

Таңбалар: Евгений БобровҚазақстанорыс тілі

Ұқсас мақалалар

Қазақстанда Құрылтай сайлауы күні 657 нәресте дүние есігін ашты
Әлеумет

Қазақстанда Құрылтай сайлауы күні 657 нәресте дүние есігін ашты

24.08.2026
Қазақстан дәрігерлері инфаркт пен инсульттің алдын алу жолдарын ұсынды
Жаңалықтар

Қазақстан дәрігерлері инфаркт пен инсульттің алдын алу жолдарын ұсынды

17.08.2026
Wildberries заттарын Қазақстан, Өзбекстан және Беларусь қоймаларына апарып жасырмақшы
Дәулет

Wildberries заттарын Қазақстан, Өзбекстан және Беларусь қоймаларына апарып жасырмақшы

05.08.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Қалп хабар таратып, полицейлерді қараламақ болған қызылордалық қыз жаза алды

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.87 ₸
EUR EUR 535.09 ₸
RUB RUB 5.42 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist