АҚШ Дания мен Нидерландтың Украинаға F-16 беруін мақұлдады
УАШИНГТОН. 18 тамыз. АҚШ Дания мен Нидерландтың Украинаға F-16 истребительдерін жеткізіп берулеріне рұқсат етіп отыр. Бұл туралы The Moscow News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Reuters агенттігі америкалық шенеуніктің мәлімдемесі мен мемлекеттік департамент басшысы Энтони Блинкеннің дат және нидерландтық әріптестеріне жазған хатына сілтеме жасайды.
«Мен бұл хатты Құрама Штаттардың Украинаға F-16 истребительдерін беруге толық қолдау көрсететін білдіру үшін жазып отырмын, олай болатыны. Украин ұшқыштарын білікті нұсқаушылар оқытты», – делінген Блинкен жолдаған хатта.
Департамент басшысы Украинаның Ресей басқыншылығына лайықты тойтарыс беруге қабілеті болуын мүмкіндік жасау бұрынғысынша маңызды мәселе болып қалатынын айтты. Украин патриоттары өз елдерінің егемендігін сақтап қалулары тиіс.
Дания мен Нидерландтың сұраныстары қолдау табуы Украинаға «өз мүмкіндіктерін толық дәрежеде қолдануға» жол ашатыны анық. Блинкен осы әңгімені жалғай отырып, «украин ұшқыштарының алғашқы легі оқуларын аяқтап, елдеріне қайтқан бойда жауға аспаннан зауал туғызатындарына» сенім білдірді.
Бұған дейін Ақ үй ұлттық қауіпсіздік кеңесінің стратегиялық коммуникациялар жөніндегі үйлестірушісі Джон Кирби Уашингтонның F-16 истребительдерін үшінші ел арқылы беру жобасын дайындап жатқанын мәлімдеген еді. «Біз мұның тез болғанын қалаймыз», – деген еді ол сонда бар мәселе украин пилоттарын оқытуды жедел бастап кетуде екенін аңдатып тұрып.
Украина Қарулы күштері әуе күштерінің өкілі Юрий Игнат 16 тамыз күні Украинаның F-16 истребительдерін биылғы жылғы күз бен қыста ала алмайтынын баяндады. Ол украин ұшқыштарын аталмыш ұшақты басқаруға үйрету жайының енді ғана орнынан қозғалып жатқанын атап өтті.