Украина Қарулы күштері Бахмут түбінде жауды тықсыра бастады
КИЕВ. 5 шілде. Украина Қарулы күштері Донецк облысындағы Бахмут түбінде басқыншы армия жауынгерлерін біртіндеп позицияларынан ығыстырып, ілгері жылжып келеді. Бұл туралы УНИАН ақпарына көз жүгірткен rast.kz хабарлайды.
Украина Қарулы күштері Жаяу әскерлерінің қолбасшысы, генерал-полковник Олександр Сырский майданның осы алабында «Эдельвейс» бригадасы шабуылдаушы бөлімшелерінің ерлік істері жайында баянады. Олар Бахмуттің солтүстік беткейіндегі бірқатар территориядан дұшпан күштерін айдап шыққан, оккупанттар ұрыс қимылдары барысында көп шығынға ұшыраған.
«Бахмут бағыты. Қарулы күштерінің бірқатар табыстары бар. «Эдельвейс» бригадасының 10-шы шабуылдаушы бөлімшесі Бахмуттың солтүстік іргесіндегі ресейліктер позициясына шабуыл жасап жатыр. Бірқатар территория тартып алынды және жаудың айтарлықтай мөлшердегі адам күші шығынға ұшыратылды», – деп жазды генерал telegram-да.
Шілденің 2-сі күні кешке Украина Қарулы күштері Шығыс тобының өкілі Сергий Череватый украин әскерлерінің Бахмуттың оңтүстік және солтүстік тараптарындла табысты ұрыс қимылдарын жүргізіп жатқандарын атап өтті.
3 шілдеде қорғаныс министрінің орынбасары Ганна Маляр Бахмут бағытындағы ахуал ушығып тұрғанын, онда екі жақтың соғыс тізгінін қолға алу жолында кескілескен ұрыс жүргізіп жатқандарын мәлімдеді. Оның айтуынша, оккупанттан осы бағытта басымдық көрсетуге барын салып баққан, бірақ оларынан ештеңе шықпаған. Жау қала ішінде ұдайы атыс салып жатыр. Олар украин логистикасын қиратуға ұмтылған.
4 шілдеде бас штаб спикері Андрей Ковалев украин қорғаныс күштері Бахмуттың оңтүстік және солтүстік аумақтарына қысымды күшейтіп, қол жеткізген шептерін мығым ұстап тұрғандарын жеткізді.
Украина Қарулы күштерінің бас штабы Мелитополь және Бердянск бағыттарында украин ,жауынгерлерінің Ресей қорғаныс шебін бұзып өтіп, 7,5 шақырымға дейін ілгерілеп кеткендерін баяндады. Бригада генералы Олексий Громов Украина әскерлері қарсы шабуыл басталғалы бері тоғыз елді мекенді басқыншы жаудан қайтарып алып, 160 шаршы шақырымды құрайтын украин жерлеріне бақылау орнатқандарын айтты.