Кеше түнде Польшаның Краков қаласында III Еуропа ойындары басталды
КРАКОВ. 22 маусым. Кеше түнде Польшаның Краков қаласында III Еуропа ойындары салтанатты жағдайда ашылды. Бұл туралы polskieradio.pl ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Ашылу салтанаты сағат 20:30-да (Астана уақыты бойынша – 02:30) басталды. Оған 48 елден келген 7000 спортшы қатысты.
Салтанат Әлем отын жағу мен Краков хейналынан дыбыс шығарудан сөре алды.
Шарада Польша президенті Анджей Дуда болды.
Шоу кезінде поляк әртістері, соның ішінде Роксана Венгель, сондай-ақ Украинадан келген қонақ – «Еуровидениенің» өткен жылғы жеңімпазы Kalush тобы өнер көрсетті.
Ойындар 2 шілдеде өзінің мәресіне жетеді. Осы уақыт аралығында атлеттер спорттың 29 түрі бойынша медальдарды сарапқа салады. Турнир бір жағы 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиялық ойындардың іріктеу сайыстары болғалы тұр.
Ойындарға агрессор елдер – Ресей мен Беларусьтің спортшылары қатыстырылып жатқан жоқ.