Затулин: РФ армиясын Днестр бойына апарып қойсақ, қауіпсіздігіміз артады
КИШИНЕУ. 22 маусым. РФ мемлекеттік думасы ТМД істері жөніндегі комитетінің райысы Константин Затулин Ресей әскерлерін Днестр бойына апарып қою сол өңірдің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді деп соқты. Бұл туралы infotag.md дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.
Ресейдің ТМД елдерінің территориялары жайында әрдайым жағымсыз, жанжалды әңгімелер айтып қалатынымен көзге түсіп жүрген импершіл, шовинист саясаткері Констатин Затулин мұны өзінің сайтында жазды. Бірақ ол өзі айтып отырған Днестр бойы, яғни Приднестровье өңірінің Молдованың заңды жері екенін тіпті де ескерген жоқ. Негізінен сепартистер тұратын бұл өңірде бұрыннан Ресей солдаттары бар еді, қазір соның өзін азырқанып отыр.
Днестр бойы – Молдованың ең жанды жері. Оны Молдова президенті Майя Санду да талай рет айтты. Алайда бұл аймақтан РФ армиясының контннгентін қуып шыға алмай отыр. Ал Ресей әскерлері 90-шы жылдардың басындағы дүрбелең кезінде бітімгер ретінде апарылып қойылған. Днестр бойының орыстары Молдова құрамынан шығып кетпек болған. Бұл да Донбасс сияқты сепаратистер жайлаған өңір еді…
«Ресей әскерлерін Днестр бойы бағыты бойынша ілгері жылжытуға қол жеткізу керек. Бұл арнайы операция шеңберінде жүзеге асады деген үміттемін. Бұл Днестр бойының осы қалпында сақталып қалуы мен сол территорияда тұрған біздің бітімгерлеріміз үшін ең мықты кепіл болып шығар еді. Атап өтуіміз керек, әңгіме сондай-ақ Днестр бойында тұрып жатқан 200 мың РФ азаматтары хақында да болып отыр», – деді Затулин.
«Молдова билігінің келісімінсіз мұндай операцияны жүргізу оңайлықпен бола қоймас, ал мұнда сондай проблема бар. Мен Батыстың ықпалы арқылы Украина мен Молдованың Приднестровьеге қарсы белсенді әрекеттер жасау жөнінде келісімге келіп қоюы мүмкін екенін жоққа шығармаймын. Ақиқатында, олар қазірдің өзінде Днестр бойына қарсы бірлескен қимылдар жасауда, бірақ бұл жерде әңгіме әскери операция жасалуы ықтимал екендігі турасында болып отыр. Бұл тұрғыдан келгенде, Молдованың Днестр бойына украин әскерлерінің басып кіруіне 100 пайыз қарсы болатынына мен сенімдімін. Бәрі де болуы мүмкін. Біз бұл жағдайда бәріне дайын болып, оқ-дәрімізді құрғақ ұстап отыруымыз керек. Бірақ Молдова арнайы операцияға кіріп кетуді қалай қоймайтын шығар деген үміттеміз», – деп мәлімдеді депутат.