Арыстанбек Мұхамедиұлы – 8, ал оның сыбайластары 7 жылға сотталды
АСТАНА. 20 маусым. Ұлттық музейдің бұрынғы директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы мен оның сыбайластарына қатысты сот үкімі шығарылды. Бұл туралы Orda.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Үкімді судья Бағлан Ыдырысов оқып берді. Сот Арыстанбек Мұхамедиұлын Қылмыстық кодекстің 28-бабы 3-бөлігі және 189-бөлігі 4-тармағы 2-тармағы бойынша құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Еске сала кетейік, бұрынғы Мәдениет және спорт министрі, ұлттық музейдің бұрынғы директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы өткен жылғы 28 мамырда қамауға алынған еді.
Антикор музей басшысына «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрмесін өткізу барысында қаржы жымқырды деген айып тақты.
Өз кезегінде Арыстанбек Мұхамедиұлы сотта кінәсін мойындамады.
Осы іс бойынша онымен бірге тағы 3 адам бас бостандығынан айырылды. Атап айтқанда, бұрынғы директордың бұрынғы орынбасары Алмаз Нұразхан, «Экспонат» мердігерлік ұйымы директорының бұрынғы орынбасары Азамат Көшенов және осы серіктестіктің бұрынғы есепшісі Айым Сәдуақасова сотқа тартылды. Судья бұлардың бәріне 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасын белгіледі.