Сарапшылар Каховка ГЭС-ін Ресей әскерлері жарғанына толық көз жеткізді
НЬЮ-ЙОРК. 7 маусым. Халықаралық кәсіби мамандар тобы Украинадағы Каховка ГЭС-ін Ресей армиясы қашып бара жатқанда жарып кеткен деген тоқтамға келді. Бұл туралы The New York Times газетіне сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.
Сарапшылар мәселені мұны жасау Ресей мен Украинаның қайсысының қолынан келеді, бұл қайсысына тиімді деген тұрғыдан қарастырды. Олар зерттеу барысында плотинаның сырттан берілген соққыдан емес, іште жасалған жарылыстан қирап қалғанына көз жеткізді. Олай болса,. Мұны станцияны бір жылдан астан уақыттан бері өз қолдарында ұстап отырған Ресейдің оккупациялық армиясы ғана орындай алады.
Инженерлер, сондай-ақ жарылғы ісімен айналысушы мамандар Каховка ГЭС-і секілді алып бетонды құрылысты тек ішке алдын ала қойылған жүздеген келілік жарылғыш заттар ғана жара алады деген тұжырымға тоқталды.
Олар сонымен бірге плотина судың өте жоғары деңгейге жетуі салдарынан жарылған болса, оның тасқыны арнаның ортасына қарай емес, екі жағалауға қарай лап қоятынына да назар аударды. Сол сияқты апат шлюздердің бүліншілікке ұшырауынан немесе судың жоғары деңгейінен пайда болса, ол бүкіл плотинаны емес, бірнеше қақпаны ғана қиратып өткен болар еді.
Еске сала кетейік, кеше, 6 маусым күні сағаи 2:30 шамасында Ресей армиясы өздері 2022 жылдың ақпан айынан бері қол астында ұстап отырған Каховка ГЭС-інің тоғанын жарып жіберіп, кезекті террорлық әрекеттерін жүзеге асырды. Осыдан кейін Херсон және Запорожье облыстарының бір бөлігін тасқын су басып қалу қаупі туды, Қырым түбегі ауыз сусыз қалды.
Мұның алдында АҚШ-тың барлау қызметі Каховка ГЭС-інің жарылуында Путин армиясының тікелей қатысы бар екенін дәлелдейтін бұлтартпас айғақтар ұсынды. Сол сияқты Украина билігі плотинаның күлі көкке ұшуы РФ басқыншыларының қолымен жасалғанын айғақтайтын бірқатар құжаттарды жарыққа шығарды. Румыния астанасы – Бухарест қаласындағы магнометр Жаңа Каховкада орын алған жарылысты түсіріп алған болып шықты. Ол жарылыстың Каховка ГЭС-інің ішінен басталып, жан-жаққа отты жарқыл шығарғанын анық көрсетіп тұр.