Жаңалықтар жаңғырығыҚайнар

Қызылордалық оқушы математиканы оқыту әдісінің кестесін ойлап тапты

ҚЫЗЫЛОРДА. 24 мамыр. Қызылордалық оқушы математиканы оқыту әдісін жетілдіретін жаңа кесте ойлап тапты. Бұл туралы Zakon.kz дерегіне сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.

«Қызылорда қаласы И.В.Панфилов атындағы №5 мектеп-лицейінде білім алатын оқушының бұл жаңалығы «Зерде» республикалық ғылыми зерттеу жобалары конкурсының республикалық кезеңінде үздік деп танылды», – делінген хабарламада.

Қызылордалық мектеп оқушысы Роза Садық ойлап тапқан кесте ғалымдардың өздерін қайран қалдырған. Олар жаңалыққа таңданыстарын жасыра алмаған. Қорытындыда аталмыш шәкірт республикалық байқауда жеңіске жетіп, Гран-приге ие болады.

Осының нәтижесінде математиканы оқытудың әдістемесін жетілдіретін жаңа математикалық кесте өмірге жолдама алды. Зерттеу жұмысының жүргізілу нәтижесінде Ұлттық зияткерлік меншік институты талабына сай жас автор Роза мен жетекшісі Ғабиден Төлебайұлына сандық куәлік берілді.

Кесте «Роза – өлшем бірліктер кестесі» деп ресми аталды.

«Жобаның басты жаңалығы – математикалық өлшем бірліктерді жұмыс істеудің әдістемелік кестесін есептер шығару барысында қолдану. Математиканы оқытудың әдістемесін жетілдіретін бұл жаңа кесте бүгінде білім беру ұйымдарында сабақ процесінде қолданылып келеді», – деді Ғабиден Төлебайұлы.

Айта кететін жайт, 600-ге жуық қатысушы арасынан озып шыққан қызылордалық оқушының еңбегі математика іліміне тағы бір жаңа формула ретінде енгізілді.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button