Жаңалықтар жаңғырығыСпорт

Чемпионаттағы сенсация: Қазақстан Словакияны буллиттен ұтты

РИГА. 20 мамыр. Хоккейден өтіп жатқан әлем чемпионатында кеше түнде Қазақстан құрамасы Словакия командасын матчтан кейінгі буллиттен ұтты. Бұл туралы rast.kz хабарлайды.

Чемпионаттың Рига қаласында ойналып жатқан В тобында күш сынасып жатқан Қазақстан құрамасы өзінің бесінші кездесуінің негізгі уақытында күшті жасақтардың бірі – Словакиямен 3:3 есебімен тең түсті. Есеп овер-таймда өзгермеді. Содан кейін кезек ойыннан кейінгі айып добы – буллитке келді. Біздің жігіттер төрт мүмкіндіктің төртеуін де тиімді пайдаланды. Ал словактар соңғы сәтте мүлт кетті.

Матчтағы есепті бірінші кезең бітуге 5 минут қалғанда, қарсыластар ашты (Кох). 21-минутта бізден Старченко таразы басын теңестірді. Сосын 24-минутта Орехов командасын алға шығарды, ал 25-минутта Рымарев есепті еселеді – 3:1. Алайда словактар Паник (46) пен Регенданың (58) күш салуларымен есепті теңестіріп үлгерді.

Матчтың үздік ойыншысы жүлдесі біздің қақпашы Андрей Шутовқа тапсырылды.

Қазақстан құрамасы келесі ойынын бүгін Латвиямен өткізеді.

Бұған дейін Қазақстан құрамасы Норвегияны булиттен ұтып (негізгі уақыт – 3:3), Чехиядан – 1:5, Швейцариядан – 0:5, Канададан 1:5 болып ұтылған еді.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button