Өзбекстан жамағаты әлем чемпионатына қатысатын құрамын жариялады
ТАШКЕНТ. 29 сәуір. Бокстан Өзбекстан құрамасы Ташкентте 1-14 мамыр аралығында өтетін әлем чемпионатына қатысатын құрамды анықтады. Бұл туралы Өзбекстан Бокс федерациясына сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.
Өзбекстан терма жамоатының бош мураббийі Тулкин Киличев бастаған штабы кеше команданың әлем чемпионатына дәулет дәргейінен қатысатын боксшыларының тізімін ұсынды. Оны Өзбекстан бокс федерациясы ресми түрде бекітіп берді.
Сонымен, IBA аясында Ташкент қаласында арқан кергелі тұрған әлем чемпионатының рингінде Өзбекстан намысын мына атлеттер қорғайды:
48 кг. Шодиёржон Мелиқўзиев
51 кг. Ҳасанбой Дўсматов
54 кг. Ойбек Жўраев
57 кг. Абдумалик Халoков
60 кг. Мужибилло Турсунов
63,5 кг. Руслан Абдуллаев
67 кг. Асадхўжа Мўйдинхўжаев
71 кг. Саиджәмшид Жафаров
75 кг. Аълохон Абдуллаев
80 кг. Жасурбек Йўлдошев
86 кг. Шоҳжаҳон Абдуллаев
92 кг. Лазизбек Мулложонов
+92 кг. Баҳодир Жалолов.
Осы жерде құрама сапындағы Руслан Абдуллаев пен Саиджәмжид Жафаровтың қазақ жігіттері екенін еске сала кетейік.
Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, жаһандық жарыстың көніне екі еселенген мөлшерде сыйақы қойылатын болып отыр. Ол 5,2 миллион АҚШ доллары көлемін құрайды. Чемпионатта алтын жүлдегер 200 мың доллар алса, күміс медаль иегеріне 100 мың доллар, қола жүлдегерге 50 мың доллар мөлшерінде қаржы тапсырылады.
Былғары қолғап шеберлерінің әлемдік додасына 104 елден 13 салмақ дәрежесі бойынша 700-ге жуық боксшы қатысады.
Чемпионат 30 сәуірде салтанатты жағдайда ашылады. Осы күні боксшылар таразыға түсіп, жеребе тартылады.
Чемпионат жекпе-жектері 1 мамырда басталады. Біріншіліктің 1/32, 1/16 және 1/8 іріктеу шайқастары 1-9 мамыр аралығында, ширек финалдық ұрыстары 10 мамырда, жартылай финалдық сайыстары 12 мамырда , ал финалдық шайқастары 13-14 мамыр күндері ойналады. Арасында бір күн – 11 мамырда тынығу пәйті беріледі.