Ресейдің Днепрді атқылауы барысында 3 адам қаза тапты

КИЕВ. 17 сәуір. Ресейдің басқыншы армиясының Днепр қаласын атқылауы салдарынан 3 адам қаза тауып, 30 адам зардап шекті. Бұл туралы DW ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Днепропетровск облыстық әскери әкімшілігінің басшысы Сергий Лысак қаза тапқандар қатарында екі әйел және бір бала бар екенін айтты.
Ресей ұшқышсыз ұшақтары аппараттарының 17 сәуір, бейсенбіге қараған түні жасаған жаппай шабуылы салдарынан кемінде үш адам – бір бойжеткен қыз, бір әйел және бір бала қаза тапқан.
Облыстық әскери әкімшілігінің басшысы Сергий Лысактың мәліметінше, қалада ондаған көп қабатты және жекеменшік үй бүліншілікке ұшыраған.
«Оқу мекемесінің ғимараты, жатақхана, спорт залы зақымданды. Сондай-ақ азық-түлік кәсіпорны, пошта бөлімшесі, баспахана, әкімшілік ғимарат, дүкендер, он жарымға жуық көлік зардап шекті», – деп атап өтті ол.
Мэр Борис Филатовтың айтуынша, Днепрдегі шабуылдан кем дегенде 15 үй зардап шеккен. Олардың арасында студенттер жатақханалары, оқу орындары мен азық-түлік комбинаттары бар.