Жаңалықтар жаңғырығыҚұқық

Зеленський Уиткоффқа Украинаның бөлшекке түспейтінін айтты

КИЕВ. 15 сәуір. Украина президенті Володимир Зеленський АҚШ арнайы өкілінің Украинаның бес өңірі жөнінде айтқан қитұрқы сөзіне қарсы жауап қайтарды. Бұл туралы DW ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Бұған АҚШ президентінің арнайы өкілі Стивен Уиткоффтің соғысты тоқтату үшін Украинаның бес облысын Ресейге беруге тура келетіні жөніндегі мәлімдемесі себеп болды.

«Біздің мемлекетміздің территориясына қатысты шешімді тек Украина халқы ғана шығара алады», – деді Володимир Зеленський АҚШ арнайы өкілінің «Ресей Федерациясымен бейбіт келісімге келуде Украинаның бес аймағының мәселесі шешуші рөл атқарады» деген сөзіне түсіндірме бере отырып.

Украина президенті Володимир Зеленський 15 сәуір, сейсенбі күні АҚШ президентінің арнайы өкілі Стивен Уиткоффтың Украинаның Ресей Федерациясы оккупациялаған бес аумағы туралы сөздеріне үзілді-кесілді қарсы шықты.

«Сөз болып отырған территориялардың бәрі унитарлық Украина мемлекетінің меншігіне жатады. Сондықтан… біздің мемлекеттің территориясына қатысты сөзді тек Украина халқы ғана айта алады», – деді Зеленський Одессада НАТО бас хатшысы Марк Рюттемен өткен баспасөз мәслихатында.

Украин лидері сондай-ақ Киев үшін «қызыл сызық» дегеннің «уақытша басып алынған кез келген территорияны украиндікі деп емес, ресейлік деп тануды» білдіретінін атап өтті. Зеленський сондай-ақ бұған «тиісті өкілдердің» кейде осылай «өз құзыреттерінен тыс» нәрселерді де талқыға салып қоятынын қосты.

Мұның алдында АҚШ-тың арнайы өкілі Стив Уиткофф британның Fox News телеарнасына берген сұхбатында Ресей президенті Владимир Путиннің Украинада бейбітшілік орнатуға ынталы екенін, бірақ «бұл соғыстағы ең үлкен проблема» Кремльдің бес украин аймағының территориясын Ресейдікі деп тануды талап етіп отырғаны болып табылатынын мәлімдеген еді. Мұнда сөз Қырым, Донецк, Луганск, Запоржье және Херсон облыстары турасында болып отыр.

11 сәуірде АҚШ-тың Украинадағы арнайы өкілі Кит Келлог Киев Ресейге бір жақты жол беріп, өзінің төрт облысы – Херсоннан, Запорожьеден, Луганск мен Донецкіден айырыла салуға ешқашан келіспейді дегенді айтты.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button