Жаңалықтар жаңғырығыҚайнар

АҚШ Конгресі Украинаға қолдау көрсету туралы заң қабылдайды

УАШИНГТОН. 15 сәуір. АҚШ Конгресі Украинаны қолдау және Ресейге қарсы санкциялар салу туралы заң жобасын талқылауға енгізді. Бұл туралы Reuters ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

АҚШ Конгресінде Демократиялық партия өкілдері соғыста Украинаға қолдауды арттыруды және Ресейге қарсы қатаң санкцияларды енгізуді қарастыратын заң жобасын ұсынды.

Өкілдер палатасының шетел істері жөніндегі комитетінің жетекші депутаты Грег Микс Украинаға көп қырлы көмек беруді қарастыратын заңның жобасын талқыға салды. Онда Украинаның қауіпсіздігі мен соғыстан кейінгі қалпына келтіру кезіндегі қажеттіліктерін қаржыландырудан бастап Ресейге қарсы санкцияларды күшейтуге дейінгі мәселелер қамтылған.

Бірінші бөлімде Украина мен НАТО-ға қолдау көрсетілетіні расталады, сондай-ақ Украинаны қалпына келтіру мәселелері жөнінде арнайы үйлестіруші лауазымын жасау ұсынылады. Екінші бөлімде Украинаға, – тікелей кредиттер беру мен әскери саланы қаржыландыруды қоса алғанда, –қауіпсіздік саласында көрсетілетін көмек туралы айтылады. Үшінші бөлімде Ресей банктеріне, энергетика және тау-кен салаларына, сондай-ақ РФ шенеуніктеріне қатаң санкциялар салу көзделеді.

Агенттіктің ақпарат мәнбелері бұл заң жобасы президент Дональд Трамп әкімшілігіне кезекті мәрте Украина позициясын жақтау жағында болуға мәжбүр етудің талпынысы болып табылады.

Заң жобасының мәтінімен жұмыс істеген Конгрессмендер көмекшілері ол толық осы қалпында қабылданбаса да, оның жекелеген ережелері Украина жөніндегі мейлінше кең ауқымды шешімдер құрамына кіреді деп есептейді.

13 сәуірде Украина президенті Володимир Зеленський Украинаның АҚШ-тан қару-жарақ пакетін, оның ішінде Patriot әуе қорғаныс жүйесін сатып алуға мүдделі екенін мәлімдеген болатын. Уашингтон Киевке уәде етілген әуе қорғаныс жүйелерін ақыры берген жоқ.

Бұдан кейін президент Дональд Трамп президент Володимир Зеленськийдің америкалық қаруды сатып алу жөніндегі ұсынысына қатысты өз ойын білдірді.

«О, ол үнемі ракета сатып алғысы келеді де жүреді. Тыңдаңыздар, соғысты бастаған кезде сіздер онда жеңіске жете аласыздар ма, соны біліп алуға тиіссіздер, дұрыс па? Өзгелер ракета береді екен деп үміттеніп, өзіңізден 20 есе үлкен біреумен соғысуға кірісіп кетпеуіңіз керек», – деді ол баспасөз мәслихаты кезінде.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button