«Мәскеу көшесіндегі жұрт бірін-бірі өлтіре бастайтын болады» – миллиардер
МӘСКЕУ. 27 сәуір. Әлеуметтік желіде ресейлік екі бизнесменнің Мәскеу көшесіндегі жұрттың бір-бірлерін өлтіріп кете беретін күн жақындағанын айтқан әңгімелері тарап жатыр. Бұл туралы шетел пабликтеріне сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.
РФ-ның ірі бизнесмендері Роман Троценко мен Николай Матушевский өзара әңгімелерінде елдің болашағы жайын талқылайды. Сол кезде Троценконың аузымен: «Біз шын жақсы көретін Ресей әлдеқалай топастардың алақандары уысында қалып қойды» деген сөз айтылады. Сондай-ақ Роман Николайға өзі мен өз туыстарының азаматтықтарын жедел ауыстыруға кеңес береді.
Роман Троценко «Бірлескен кеме жасаушы корпорацияның» вице-президенті болса, Николай Матушевский «Флакон» зауытының негізін қалаушы болып табылады.
Екеуінің арасындағы диалог былай өрбіді:
?Р.Т. «Мұның Ресейде болғанын еске түсіріп қажеті жоқ. Бұл енді жоқ және бұдан кейін болмайды» [Матушевскийге Индонезиядан жер сатып алуға кеңес беріп қояды]. Онда он жылда бәрі он есеге өседі. Ал Ресейде он жылда баға екі есеге құлайды».
?Р.Т. «Біз соншалықты шын сүйген [«шын сүйген» деген күлкі шақырады] Ресей іс жүзінде XIX ғасырда әлдеқандай бір оғаш композицияларды тәкпір етіп жүрген әлдеқалай бір мырыңбайлардың алақандарында қалды. Бұл ешқандай жақсылықпен аяқталмайды, бұл тозақпен аяқталады».
?Р.Т. «Жұрт Мәскеудің көшелерінде бір-бірлерін өлтіріп, сойып кетіп жатады. Бұған тек шамалы уақыт керек. Енді бір 5,7, 10 жыл өтсінші. Бірақ мұның болатыны анық – бұл бір ғана шеті бар сондай жол».
?Н.М. «Маған 99-шы жылдан мына жарымес [Путин] әр жолғыдай шыршаның алдында емес, әскерилердің алдында жасаған соңғы жаңажылдық құттықтауына дейінгінің бәрінің қиындысын салып жіберіпті. Олардың бәрінде «Биылғы жыл нашар болады, бірақ біз олардың бәрін жеңеміз» деген нақты сөз бар. Осылайша 20 жылда құлақ деген уәдеге толып бітті».
Ресей БАҚ-тары Матушевскиймен байланысқа шыққасын, ол аудиожазбаны мұқият тыңдап алып, Троценкомен соңғы рет 2022 жылы тілдескенін айтады. Алайда журналистер бұған сеніп отырған жоқ. Бұған Матушевскийдің сөз арасында Балиді ауызға алып отырғаны да дәлел. Николай өз сөзінде 2023 жылғы қаңтарда сол аралда демалғанын сөз етеді. Сосын олардың 1999 жылдан соңғы жылға дейінгі жаңажылдық құттықтау туралы әңгімелері де осыны айғақтайды.
Суретте: Роман Троценко