ӘлеуметЖаңалықтар жаңғырығы

Ресей көше сыпырушы мигранттарды соғысқа еліктіре бастады

МӘСКЕУ. 26 сәуір. Ресей қорғаныс министрлігі Мәскеу көшелерін сыпырып жүрген мигрант аула сыпырушыларды соғысқа тарта бастады. Бұл туралы ресейлік ресурстар ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

«РФ қорғаныс министрлігі Мәскеудің тұрғын үй коммуналды шаруашылығы саласында жұмыс істеп жүрген Орталық Азия елдері мигранттарын Украинадағы соғысқа алдап тартуға кірісті», – деп жазды «Можем объянить» телеграм-каналы «Тонг жахони» құқық қорғау ұйымының жетекшісі Валентина Чупикке сілтеме жасап.

Ханымның айтуынша, мигранттарды соғысқа алдап шақырып алуға «Жилищник» мемлекеттік бюджеттік мекемесі белсенді көмектесіп жатқанға ұқсайды. Осылайша, 20 сәуірде Мәскеудің Савельев ауданындағы мемлекеттік бюджеттік мекемесінде қорғаныс министрлігіне қарасты жеке әскери компаниялың өкілдері Солтүстік округтің аула сыпырушыларымен кездескен.

Қатысушылардың бірі шараға 100-ден аса аула сыпушылардың қуып әкелінгендерін әңгімеледі. Ол жиында өздерінің аттарын атамаған өкілдердің мигранттарды Ресей азаматтығын алып беруге уәде ету арқылы соғысқа қатысуға жазылуды үгіттегенін айтып берді. «Қандай тамаша, барып келгеннен кейін бірден Ресей азаматы атанамыздар!» деген үгітшілер.

«Бірақ алдауға түсіп қалғандар көп болған жоқ. Мұндай шаралардың тиімділіктері барынша аз», – деді Чупик. Ол сондай-ақ соғысқа қатысудан бас тартқандарды басып алынған территорияларды игеру деген желеумен де тартып алғылары келген. Алайда, мұндай жұмысқа барушылар содан қайтып Ресей жеріне кіргізілмейді екен. Қазір осы мәселе бойынша 20-дан аса шағым түскен көрінеді.

Moscow News Times порталының жазуынша, мигранттарды тарту 2022 жылдың күзінде басталған. MediaHub журналистік зерттеу орталығының мәліметінше, басында мұндай тірліктермен «Вагнер» жеке әскери компаниясы айналысқан.

Қыркүйектің соңында Мәскеу мэрі Сергей Собяниннің ықпалымен «Сахарово» миграциялық орталығында шетелдіктер үшін әскери комисариат ашылды.

Орталық Азияның Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан елдері өз азаматтарының Украинадағы соғысқа қатысуларына ресми түрде қарсылық білдірді. Соңғы екі елдің билігі өз отандастарына шет мемлекеттер территорияларында ұрыс қимылдарына қатысудың 10 жылға дейін сотталу түріндеге жазаға апаратынын ескертті.

Өткен жылдың қазан айынан бері құқық қорғаушылар соғысқа еріксіз әкетілген 322 мигрантты майдан даласынан алып шығуға қол жеткізді.

 

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button