НАТО Ресеймен шығыстағы шекарасына 300 мың әскер қойғалы жатыр
БРЮССЕЛЬ. 19 наурыз. НАТО Ресеймен шектесетін шепті нығайту үшін шығыс шекараға 300 мың жауынгер қою мәселесін талқылайды. Бұл туралы Politico дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.
Солтүстік альянстағылар Ресейдің ұрыс қимылдары ауқымын Украинаның сыртына қарай кеңейтіп жіберуін мүмкін етпеу үшін РФ-мен шығыстағы шекара бойына жинақталған қажетті техникалар мен әскери контингенттен 300 мыңға дейін солдат қою мәселесін қозғай бастады.
Politico алғашқы лекпен шекараға НАТО-ның 100 мың жауынгері аттандыралатынын атап өтті. Олардың құрамына 10 күн ішінде тиісті жерлерге дислокация жасауға дайын тұрған Польша, Норвегия, Эстония, Латвия және Литва мемлекеттерінен келген әскери қызметкерлер кіреді.
Әскерлердің екінші эшелоны 10-30 күн аралығында дайын болып, алғашқы лекке қолдау көрсетуге келеді.
Ескерту!
rast.kz сайтының кез келген материалын редакцияның арнайы рұқсатынсыз көшіріп алып жариялауға тыйым салынады. Плагиат жасаушы «Авторлық құқық туралы» Заңға сәйкес қудаланады.