Жаңалықтар жаңғырығыТаным

Мемлекеттік думаның депутаты Ыстанбұлды басып алуға шақырды

МӘСКЕУ. 18 наурыз. Ресей мемлекеттік думасы V шақырылымының депутаты Семен Багдасаров Түркиядағы «қиын жағдайды» пайдаланып, Ыстанбұлды басып алуды ұсынды. Бұл туралы шетел ақпарат құралдарының дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Өзінің бұл агрессиялық ниетін Багдасаров «Соловьев Live» телеграм-каналының эфирінде айтты.

«Түркиядағы белгілі күштерді көтеріміз де, тарихи жағынан бізге қарайтын (? – ред.) Константинопольді (қазіргі Ыстанбұлды айтып отыр – ред.) өз мемлекетіміздің құрамына қайтарып аламыз», – деді ол.

Ресейлік армян нәсілді саясаттанушының пікірінше, Түркия қазір экономикалық дағдарыс пен жер сілкіністерінің салдарынан әлсіреген, сондықтан Ресей осыны пайдаланып, өзіне тарихи меншікті нәрсені қайтарып алуы тиіс. Ол сондай-ақ Орталық Азия және Оңтүстік Кавказдан Түркияны «қуып шығуға», оның Украинаға ықпалын азайтуға шақырды.

«Әулие София храмына крест қоямыз… музыка қоямыз… дұғаны арамей тілінде жасаймыз немесе орыс тілінде де болады», – деген ұсыныс айтты сосын ол.

«Түркілер деген – түрік емес! Айнаға қарасын», – деп соқты бір кезде саясаттанушы аузынан ақ көбік ағып.

«Дағдарыстың болғанына құдайға шүкір. Дағдарыс күйреумен аяқталып, біздің территориямыз кеңейе түсуі тиіс», – дегенді қосты бұған Багдасаров.

Айта кететін жайт, 1453 жылы түріктердің қысымымен Шығыс Рим (бұрынғы Византия) империясы құлап, Константинополь Осман әулетіне қараған кезде «Ресей» атты тіпті мемлекет те болған жоқ. Ресей мемлекеті Қазақ хандығы шаңырақ көтерген 1456 жылдан тура 22 жыл кейін, 1478 жылы III Иванның тұсында ғана дербес мемлекет болып құрыла алды. Ал османлылар қаланы бір басып алған соң ешқашан қолынан шығарған жоқ. Демек, Константинополь ешуақытта Ресейдің қарамағына қараған емес.

Ресей «пропагандасында» қазір осы тектес армян нәсілді «бұлбұлдар» бет қаратпай «ұрып» тұр. Түкіріктері жерге түспейді. Бұлар өте көп. Симоньян, Кеосян, Габриелянов, Мигранян, Гаспарян, Кургинян, Шахназаров, Мирзаян… Осылардың жуан ортасында Багдасаров та тұр.

Оңай «нан табудың» жолдарын бұлар жақсы меңгеріп алған…

 

Ескерту!  

rast.kz сайтының кез келген материалын редакцияның арнайы рұқсатынсыз көшіріп алып жариялауға тыйым салынады. Плагиат жасаушы «Авторлық құқық туралы» Заңға сәйкес қудаланады.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button