Үндістан мен Индонезия елдеріне ресейліктердің келуін қиындатып жатыр
МӘСКЕУ. 18 наурыз. Үндістан мен Индонезия елдері өздеріне ресейлік туристердің келу ережесін барынша қатаңдатып, тәртіпті күшейтугет кірісіп кетті. Бұл турады The Moscow News ақпарына сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.
Аталмыш елдер ресейлік туристердің шекара белдеуінен өтіп, өздеріне келу ережелерін мейлінше күшейтуге шешім қабылдады. Ресей елшілігінің мәліметіне сәйкес, Үндістан, мысалы, Ресей турисінің электронды виза бойынша келіп қайтуының шектік мерзімін қатарынан 90 күннен асырмауға ұйғарым жасады. Ал жылдық мөлшер 180 күнді құрайды.
Мұндай өзгерістердің бұрын беріліп қойылған электронды визаларға да қатысы бар.
Индонезия бұрын Бали провинциясы губернаторының сұрауы бойынша ресейліктердің келулеріне виза беруді тоқтату жөнінде ойластырып жатыр еді. Себебі, мұнда келген ресейліктер «құдайын ұмытып» кете береді екен. Енді Индонезияның РФ-дағы елшісі Антонио Морато Таварес Джакартаның бұл мәселені оңынан шешетінін, сөйтіп, елге ресейліктердің келулеріне тыйым салынатынын айтып отыр.
Ескерту!
rast.kz сайтының кез келген материалын редакцияның арнайы рұқсатынсыз көшіріп алып жариялауға тыйым салынады. Плагиат жасаушы «Авторлық құқық туралы» Заңға сәйкес қудаланады.