Жаңалықтар жаңғырығыСпорт

Ұлттар лигасы: Украина камбэк жасап, Бельгияны ұтты

МУРСИЯ. 21 наурыз. Украина құрамасы УЕФА-ның Ұлттар лигасының бірінші плей-офф матчында Бельгияны 3:1 есебімен ұтты. Бұл туралы DW ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Матч өткен түнде бейтарап алаңда – испанның Мурсия қаласында ойналды. Ойын өте тартысты өтті. Украиндар кездесу барысында жарақат алып қалуларына байланысты оң қапталдағы екі түйінді қорғаушысынан айырылса да, қарсыластарына дес бере қоймады. Осылайша 25-минутта Юхим Конопля алаңнан кетуге мәжбүр болса, оның орнына келген Олексий Сыч екінші таймда қатардан шықты.

Номиналды қонақтар 40-минутта есеп ашып кетті. Мұнда бельгиялықтардың танымал форварды Ромелу Лукаку мергендігімен көзге түсті.

Есесіне, Сергей Ребровтың жігіттері екінші таймда шындап атой салды. Олар Мадридтің «Реалының» қақпашысы Тибо Куртуаны үш рет өз торынан доп алып шығуға мәжбүр етті. Әуелі 66 және 73-минуттарда содан 11 минут бұрын ғана алаңға шыққан Олексий Гуцуляк пен Владислав Ванат екі гол салып, өз командаларын алға шығарды. Ал ойынның финалдық ысқырығы естілуіне 12 минут қалғанда, Илья Забарный оның соңғы нүктесін қойды. Қорытынды есеп – 3:1.

Қарымта матч, 23 наурыз күні Бельгияның Генк қаласында өтеді. Бұл жұптың осы екі матч қорытындысымен жеңіске жеткені жаңа маусымда Ұлттар лигасының А тобында ойнау құқығына ие болады, сонымен бірге Еуро-2028-дің іріктеу турнирінің жеребесінде басымдық алады.

Ұлттар лигасы. Елек матчтары

Украина – Бельгия 3:1

Мурсия (Испания). «Энрике Рока» стадионы.

Арбитр: Сандро Шерер (Швейцария).

Украина: Лунин, Миколенко, Матвиенко, Забарный, Конопля (Сыч, 25; Ярмолюк, 62), Калюжный (Назарина, 88), Зинченко, Судаков, Шапаренко (Ванат, 62), Цыганков, Яремчук (Гуцуляк, 62);

Бельгия: Куртуа, де Кейпер (Мокьо, 88), Дебаст, де Винтер (Раскин, 80), Мехеле, Менье, Троссар (Салемакерс, 80), де Брейне (Ванакен, 70), Тилеманс, где Кетеларе (Люкбакио, 70), Лукаку.

Голдар: Гуцуляк (66), Ванат (73), Забарный (79) – Лукаку (40).

Ескерту: Тилеманс (68).

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button