19 Қазан, 03:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

G7 кездесуі алдында Бербок Батысты ауызбіршілікке үндеді

13 Наурыз 2025 14:28
- Жаңалықтар, Қайнар
G7 кездесуі алдында Бербок Батысты ауызбіршілікке үндеді
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

БЕРЛИН. 13 наурыз. Алмания сыртқы істер министрі Анналена Бербок Батыс елдерін Трамптың қысымына қарсылық көрсетуде бірлікте болуға шақырды. Бұл туралы DW ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Ол Еуропа елдерін Ресей басқыншылығынан өзін қорғап жатқан Украинаға, Трамп әкімшілігінің  жаппай қысымына қарамастан, Ресей мен оның президенті Владимир Путинге қатысты біртұтас ұстанымда болуға шақырды.

«Бейбітшілікке апаратын жол күш пен бірлік арқылы ғана жасалады», – деді ол 12 наурыз, сәрсенгбі күні Канададағы G7 сыртқы істер министрлерінің кездесуіне ұшар алдында.

Бербок G7-дегі ынтымақтастық осы уақытқа дейін тұрақтылық пен қауіпсіздікке қол жеткізуге бағытталғанын, мұнда еуропалықтардың өзара күшті және сенімді серіктес болып қала беретінін атап өтті. «Еуропа елдері болашақта қауіпсіздік пен қорғаныс саласына көбірек күш салады», – деп уәде берді ол.

Бейбітшілікті қаламайтын және тек күштілердің құқығына сенетіндер «бірлігіміз бен ережелерге негізделген тәртіпті қалай сақтай алатынымызды мұқият қадағалап отыр», дегенді қосты сосын алман министрі.

Алмания (Германия) сыртқы істер министрі сондай-ақ G7 елдері халықаралық аренада маңызды рөл атқаратынына сенім білдірді, олардың «ортақ компасы» «ортақ мүдделер» болып табылады. «Бізде әртүрлі пікірлер болуы мүмкін. Бірақ, ең бастысы, қазіргі заманның негізгі қауіпсіздік сұрақтарына жауап таба алатындығымыз», – деп түсіндірді ол.

Бұған дейін АҚШ-тың Канададағы G7 сыртқы істер министрлерінің кездесуінде Ресейге қарсы «дұшпандық» риториканың болмауын талап етіп отырғаны аян болған. «Бұл ретте Украинадағы соғысты реттеуде нақты қандай да бір тарапты қолдау керектігі туралы сөз жоқ,» деді АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио.

Өз кезегінде Bloomberg агенттігі G7 бірлескен мәлімдемесінің жобасы бойынша келіссөздер барысында АҚШ Ресей Федерациясына қатысты ережелерді жұмсартуды талап етіп отырғанын жазды. Атап айтқанда, Уашингтон «санкциялар» деген сөзді алып тастауды, ал «Ресейдің Украинаға қарсы соғыс жүргізу қабілеті» деген сөзді «табыс табу» деген сөзбен алмастыруды талап етті. Сонымен қатар, негізгі коммюнике жобасынан ресейлік агрессия туралы кез келген ескерту алынып тасталды. Оның орнына мәтін «атысты тоқтату туралы келісімге қол жеткізу» үшін «барлық күш-жігерді» құптайды» болып қолданылады», деп жазады Bloomberg.

«Үлкен жетілік» елдерінің сыртқы істер министрлері арасындағы келіссөздер 12-14 наурыз аралығында Шарлевуада (Квебек, Канада) өтеді.

Таңбалар: Анналена БербокЕуропаҮлкен жетілік

Ұқсас мақалалар

Германия НАТО-ның еуропалық нұсқасын құру идеясын қолдады
Жаңалықтар

Германия НАТО-ның еуропалық нұсқасын құру идеясын қолдады

17.04.2026
Еуропалықтар Трампты Қытайдан қаупі зор қайраткер деп атады
Жаңалықтар

Еуропалықтар Трампты Қытайдан қаупі зор қайраткер деп атады

09.04.2026
УНИАН: Зеленський Орбан тарапына қарап айбат шақырды
Дәулет

УНИАН: Зеленський Орбан тарапына қарап айбат шақырды

07.03.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • ҚАСІРЕТТІ ҚЫРЫҚ КҮН

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist