Жаңалықтар жаңғырығыҚоғам

Өзбекстан президентінің өкілдігі жеті жылға дейін ұзартылады

ТАШКЕНТ. 16 наурыз. Өзбекстан парламентінде қаралған Конституциядағы өзгерістер Шавкат Мирзиёевтің президенттікке үшінші рет сайлануына рұқсат береді. Бұл туралы өзбек ресурстары дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

«Өзбекстан Республикасының Конституциясы туралы» заң жобасы сондай-ақ Өзбекстан президентінің өкілдігін бес жылдан жеті жылға дейін созып береді. Құжат жобасы кеше парламенттің «Халқ сўзи» газетінде жарияланды.

«Өзбекстан Республикасының президентін Өзбекстан Республикасының азаматтары жасырын дауыс беру кезінде жеті жыл мерзімге жалпыға ортақ, тең және тікелей сайлау құқығы негізінде сайлайды», – делінген құжатта.

Елдің Конституциясына сәйкес, президенттің өкілдігі бес жылды құрайды. Оған тиісті түзетулер 2011 жылы желтоқсанда жасалған.

Ал Конституцияның жаңа нұсқасы елдің іс басындағы президенті Шавкат Мирзиёевқа қатарынан үш рет сайлануға мүмкіндік бергелі тұр. Бұрын президент орынтағына сайлану екі мерзіммен шектелетін.

Өзбекстан парламентінің екі палатасы қабылдаған конституциялық заңның жобасы 15 наурыз күні халыққа жария етілді. Негізгі заңның жаңа редакциясына тағы 27 бап енгізілді, сөйтіп, олардың жалпы саны 128-ден 155-ке жеткізілді. Мұның өзі Конституцияның 65 пайызы өзгергенін көрсетеді.

Өткен аптада Өзбекстан парламенті төменгі палатасының депутаттары 30 сәуірде Конституцияға енгізілген осы өзгертулер мен түзетулер бойынша референдум өткізуді белгіледі.

 

Ескерту!  

rast.kz сайтының кез келген материалын редакцияның арнайы рұқсатынсыз көшіріп алып жариялауға тыйым салынады. Плагиат жасаушы «Авторлық құқық туралы» Заңға сәйкес қудаланады.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button