Жаңалықтар жаңғырығыЭкономика

Қазақстан «Роскосмостың» Байқоңырдағы мүліктерін қамауға алды

АСТАНА. 13 наурыз. Қазақстанда Ресей космодромдарының басты операторы – Жердегі ғарыш инфрақұрылымын пайдалану орталығының мүліктері (ЖҒИПО) тұтқындалды. Бұл туралы бірқатар ақпарат құралдарының деректеріне жүгінген rast.kz хабарлады.

The Moscow News порталының хабарлауынша, бұған аталмыш орталықтың «Бәйтерек» Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорны» АҚ алдындағы 13,5 млрд теңге немесе 2 млрд рубль қарызы басты себепкерлік еткен. Қарыз «Союз-5» ракетасының қоршаған ортаға әсерін тексеру жұмыстарының қорытындысында пайда болған.

«Қазақстан Республикасының приставтар қызметі ЖҒИПО-ға материалдық құндылықтары мен активтерін елден шығарып әкетулеріне, ал оның басшыларына тергеу іс-қимылдары аяқталғанша республика территориясынан кетіп қалуларына тыйым салды», – деп жазады KZ24 телеарнасы.

«Астана» халықаралық қаржы орталығының соты мәжбүр етушілік сипатында шара қолдану туралы шешімді 2022 жылғы қараша айының соңында шығарып қойған болатын. Сол кезде-ақ оның атқару парақшасы жазылған еді. Ал ЖҒИПО өкілдері осыған қатысты тиісті хабарламаны 2023 жылғы қаңтардың соңында алды», – деп айғақтайды «Московский комсомолец» газеті құжаттарға сүйене отырып.

Жоғарыда атап өтілген «Бәйтерек» Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорны» АҚ 2005 жылы құрылды. Ол ғарышты игерудің ортақ бағдарламасын жүзеге асыруға жегілді. Кәсіпорын соның ішінде Байқоңыр ғарыш кешенінде улы гептилді «Протоннан» гөрі экологиялық жағынан таза ракета тасығыштарды пайдалануға көшу бағытында көптеген ізденістерге бой ұрды. Бірақ мұның кедергісі өте көп болды. Олардың бәрі де көрші елдің тарапынан келіп жатты.

Осындай қиындықтардың салдарынан екі елдің космосты игеру мақсатындағы бірлескен жұмыстарының болашағы кейінгі кездері бұлыңғыр бола бастады. Мұны Украинадағы соғысқа байланысты Ресейге салынып жатқан жан-жақты санкциялар тіпті еселей түсті.

Қазақстан бұқаралық ақпарат құралдары жазып жатқандай, мұның бәрі республиканың Ресей ракеталарын коммерция үшін ұшырып тұру мүмкіндігіне үлкен күмән келтіреді. Ал мұнсыз Астананың «Бәйтерек» бірлескен жобасына бұдан әрі қызығушылық таныта бері мүмкін емес.

 

Ескерту!  

rast.kz сайтының кез келген материалын редакцияның арнайы рұқсатынсыз көшіріп алып жариялауға тыйым салынады. Плагиат жасаушы «Авторлық құқық туралы» Заңға сәйкес қудаланады.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button