Украина батыры Мациевский жайлы бір дерек: Молдова мәлімдеме жасады
КИШИНЕВ. 13 наурыз. Президент Володимир Зеленьскийдің жарлығымен кеше Украина батыры атанған Олександр Мациевский шын мәнінде Молдова азаматы болып шықты. Бұл туралы «Диалог.ua» дерегіне сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.
Украина қаһарманы Мациевскийдің азаматтығы жайлы қызықты деталь су бетіне қалқып шықты: Молдова мәлімдеме жасады.
«Ресейлік оккупанттар атып тастаған Украина Қарулы күштерінің жауынгері Молдова Республикасының азаматы болып шықты», – деп жазады портал бүгін.
Орыс басқыншылары «Украинаның даңқы арта берсін!» деген сөзінен кейін әдейі көз қылып атып тастаған Украина Қарулы күштерінің солдаты Олександр Мациевский расында Молдова азаматы еді. Молдова Республикасы сыртқы істер министрлігінің ресми сайтында дүйсенбі күні осындай ақпар жарияланды.
Кишинев Украинаны РФ оккупанттарынан жанқиярлық ерлікпен қорғаған әскери қызметкерді ермекке өлтірген орктарды қатты айыптады. Дипломатиялық ведомостводағылар Олександрды бұлайша өлтіру фактісін соғыс қылмысы, сондай-ақ халықаралық гуманитарлық заңдарды өрескел бұзушылық деп бағалады.
Бұдан бөлек, Молдова сыртқы істер министрлігі Мациевскийдің жақындарына көңіл айтып, Украина халқымен толық ынтымақтастықта екендерін білдірді.
«Ресей Федерациясының Украинаға қарсы зұлымдықпен жүргізіп жатқан басқыншылық соғысын айыптайтын Молдованың позициясы берік қалпында екенін растаймыз. Біздің еліміз бұрынғысынша Украинаның бейбітшілік пен тұрақтылықты қалпына келтіру жолындағы барлық күш-жігеріне қолдау білдіреді», – деп атап көрсетілген молдован дипломатиясының сайтында.
Бұған қосарымыз, басқыншы жауға қарсы жүріп жатқан ұрыс қимылдары кезінде көрсеткен өшпес ерліктері үшін Олександр Мациевский марқұм кеше, 12 наурыз күні президент Володимир Зеленьскийдің жарлығымен Украинаның батыры атағымен марапатталды. Ал қылмыстық оқиға 6 наурыз күні болды.
Еске сала кетейік, ресейлік оккупанттардың тұтқындағы қарусыз украин солдатын «Украинаның даңқы арта берсін!» деген сөзі үшін бірден атып тастағаны түсірілген видео әлеуметтік желіде орасан зор резонанс алды. Оны көргендердің көпшілігі мордорлықтардың айуандықтарынан жағаларын ұстап, қатты айыптаулар білдірді. Кейінірек батыр жігіттің аты-жөні Олександр Мациевский екені анықталды.
Ескерту!
rast.kz сайтының кез келген материалын редакцияның арнайы рұқсатынсыз көшіріп алып жариялауға тыйым салынады. Плагиат жасаушы «Авторлық құқық туралы» Заңға сәйкес қудаланады.