Жаңалықтар жаңғырығыҚайнар

Путин РФ ақпарат кеңістігін бақылауда ұстаудан айрылып қалды – ISW

ВАШИНГТОН. 13 наурыз. Америка соғысты зерттеу институты (ISW) Ресей президенті Владимир Путин өз еліндегі ақпарат кеңістігін бақылауда ұстаудан қалып бара жатыр деген шешімге келді. Бұл туралы «Украинская правда» дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Институт есебінде Ресей әскерлерінің 11 наурыз күні Бахмут төңірегінде бір қадам да алға жылжи алмағанын, бірақ онда соғысушылар мен z-насихатшылардың елге өтірік жаңалықтар жеткізулерін жалғастырып келе жатқандарын атап өтті.

Орыс пен украин ақпарат мәнбелері қаладағы кескілескен ұрыс қимылдары жөнінде жарыса жазысып жатыр, бірақ екі жақтың хабарларында едәуір алшақтықтар бар, орыстар тарапы шындыққа жанаспайтын жалған ақпарға бейім де, украиндар жағы барлық болған жайды бүкпесіз жеткізуге үлкен мән беруде. Мысалы, қайта-қайта әлдеқандай бір «табыстарға» жеткендері айтылып қалатын «Вагнер» жеке әскери компаниясының содырлары соңғы уақыттары қатарын қаптатып жоғалтқаннан басқа ешқандай жетістерге қол артып көрген жоқ. Терроршылар қазіргі күндері АЗОМ зауытының өндірістік ауданында барған сайын қаусырылып, қыспаққа алынып келеді, олардың қоршауға түсіп қалулары да әбден кәдік, сондықтан бұл содырлардың ілгері жылжи алулары екіталай болып көрінеді.

Осымен бір мезгілде белгілі бір аналитиктер мен РФ қорғаныс министрінің баспасөз хатшысы Мария Захарова қазір Кремльдің Путинге мейлінше жақын ішкі шеңберінде өзара үлкен күрес пен тартыс-талас жүріп жатқанын айтып қалды. Олардың ойларынша, Кремль «Ресейдің ақпарат кеңістігін бір орталықтан бақылауға алу қабілетінен айырылып қалған», ал «Ресей президенті Владимир Путиннің бұл жағдайды түзете қоюға шамасы жоқ».

Захарова соның ішінде «элитаның» өз ішіндегі жанталасқан күрестің салдарынан Кремльдің Сталин заманында соғыс басталғаннан кейін тез арада ұйымдастырылған кеңестік біртұтас ақпарат кеңістігі – Информбюро құруды қайталай алмайтынын баяндады.

Сарапшылар Захарованың мәлімдемесін бірнеше институттың растап бере алатындарын, Кремльде шынында Путиннің жақын шеңберінің ең ықпалды мүшелері арасында шайқас жүріп жатқанын, сол сияқты Путиннің кезінен бері ресейлік ақпарат кеңістігінің деңгейі айтарлықтай төмен түсіп кеткенін жеткізіп отыр.

 

Ескерту!  

rast.kz сайтының кез келген материалын редакцияның арнайы рұқсатынсыз көшіріп алып жариялауға тыйым салынады. Плагиат жасаушы «Авторлық құқық туралы» Заңға сәйкес қудаланады.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button