Қытай Ресейге 100 дрон-камикадзе жеткізіп бермекші болып жатыр
БЕЙЖІҢ. 25 ақпан. Ресей Қытаймен құрылымы жағынан Иранның Shahed-136 дрон-камикадзелеріне ұқсас 100 екпінді беспилотник беру жөнінде келіссөз жүргізуде. Бұл туралы Der Spiegel хабарлады.
Мұны өз мәнбелеріне сүйеніп мәлімдеген неміс басылымы дрондардың Қытайдың Xi’an Bingo Intelligent Aviation Technology компаниясынан сатып алынуы мүмкін екенін баян етеді. Аталмыш компания сынақтан өткізулері үшін Ресей қорғаныс министрлігіне 35-тен 50 килоға дейінгі оқтұмсықтарды алып жүре алатын ZT-180 ұшқышсыз ұшақтарын дайындап, беруге келіскенге ұқсайды. Ресей тарапы оларды 2023 жылдың сәуір айында алатын болып күтіп отыр.
Бұдан кейін Bingo Ресейге дрондар компоненттерін жеткізіп, технологиялық ноу-хау жасамақшы көрінеді. Осының негізінде Ресей кейін айына 100 осындай беспилотникті құрастырып шығара алады.
Өткен жылы Қытай Ресей армиясына мейлінше кең ауқымды көмек көрсету мүмкіндігін қарастырған. Соның ішінде Ресейдің Су-27 истребтельдері мен оның басқа да модельдеріне қосалқы бөлшектер жеткізіп беру де болды. «Бұл үшін соғыс ұшақтары үшін берілетін қосалқы бөлшектер азаматтық ұшақтар заттары ретінде толтырылып, жалған тауар өндірісі құжаттарын пайдалану ұсынылды», – деп атап өтті Der Spiegel.
Неміс журналы Қытайдың DJI дрондарын Ресейге жеткізіп беруі ықтималдылығын бұдан бұрын да жазған. CNN мәнбелерінің мәліметі бойынша, Қытайдың жеке компаниялары Ресей армиясы үшін арнайы шлемдер мен бронды желеттер дайындап, жеткізіп тұрған. Алайда Мәскеу мұны місе тұтпай, Бейжіңнен ұшатын қарулар беруді сұрап отыр. Жөңге Кремльге жәрдем көрсетуді әлі жалғастырып келеді, «енді [Мәскеуге] ұшатын қару жағынан қолдау көрсетуге жақындады», – деп мәлімдеді АҚШ мемлекеттік хатшысының Дэниел Критенбринк.
«Бұған жауап ретінде АҚШ барлау қызметі әзірлеген Ресейдің Қытай тарапынан алып қалуы ықтимал екені жөніндегі құпия материалдарды ашып көрсетпекші болып отыр», – деп жазады The Wall Street Journal америкалық және еуропалық шенеуніктер арсындағы деректерге сілтеме жасай келіп.