Жаңалықтар жаңғырығыЭкономика

«Ресейдің ұзаққа созылатын соғысқа шыдай алатын шамасы жоқ»

МӘСКЕУ. 16 ақпан. Ресейдің бұрынғы қаржы министрі Михаил Задорнов Украинамен соғыс ұзақ мерзімге созылса, РФ-да оған төтеп беретін жағдай жоқ екенін айтты. Бұл туралы «Диалог.ua» хабарлады.

«Ресейдің экономикасы Украинамен ұзаққа созылатын соғыс жанжалын көтере алатындай жағдайда емес, көп ұзамай мұндағы қаржы жүйесі күйрей бастайды», – деді ол.

Бұрынғы қаржы министрі Ресейдің Украинамен және Батыспен ұзаққа созылатын соғыс текетіресінде жеңіп шығуға ешқандай мүмкіндігі жоқ екенін мәлімдеді, өйткені, оның ресурстары НАТО елдерінің ресурстарымен салыстыруға келмейді.

Задорнов мәлімдемені Forbes басылымына берген сұхбатында жасады.

Тәжірибелі банкир Путин режиміндегі РФ экономикасын түпкі қорытындыда күйреу күтіп тұрғанын баяндады. Әскери қақтығыс ұзаққа созылып кеткен жағдайда Ресейдің қаржы жүйесі шыдас бермейді, олай болатыны, РФ мен НАТО елдерінің ресурстарын бір-бірімен салыстыру мүмкін емес.

«Ресейдің әскери бюджеті доллармен шаққанда, америкалықтардың осы мақсаттағы шығындарының тура 1/10 бөлігін ғана құрайды. Ал егер бұған Украинаның пайдасына қару-жарақ беріп жатқан елдердің ресурстарын да қосар болсақ, олардың жанжал созылып кеткен жағдайда шығаратын шығындарының жиынтығы мүлдем салыстырып қарауға келмейтін деңгейге кетіп қалады», – деді Задорнов.

Бұдан бөлек, қаржыгер Кремль ойлап тапқан «импортты алмастырушы» дегеннің құр бос қиял екенін мәлімдеді. Ресейде тауар өндірудің мүмкіндігі де, тіпті оларды өндіретін жабдық та жоқ. Жақын болашақта РФ-ны Батыстан техника жағынан қалып қою күтіп тұр.

Ресейдің бюджеті қазірдің өзінде ай сайын орасан зор қаржы жетіспеушілігіне тап болып жатыр. Бұрын табыс әкеліп тұрған салалар санкцияның астында қалды. Мәскеудің басқа ақша алатын жері жоқ, соған сәйкес соғысты жалғастыратын да қаржысы жоқ. Алайда Путин бұрынғысынша өзінің Украинада тас-талқан болып жеңіліп тұрғанын мойындағысы келмейді, сондықтан РФ-ға өз президентінің авантюрасы үшін өте-мөте көп көлемде төлем төлеуге тура келеді.

Бұрын хабарланғандай, РФ билігі шынында қазіргі кезде «хабар-ошарсыз кеткендердің» отбасыларына тиесілі жәрдем ақыны төлемей, адамдарды ақшадан «лақтырып» кетуде. Алайда сарапшылар бұл әрекет бәрібір жұртты наразылық бүлігін шығаруға көтеріп әкете қоймайды деп есептейді. Ресей халқы алдағы уақытта бұдан да зор қорлауға төзе береді.

Осы күндері РФ-ның басты табыс көздерінің бірі болып келген мұнайдың бағасы өте жылдам қарқынмен арзандап келеді.

Мұндай қаржылық апатты Ресейдің «Газпромы» да бастан кешкелі тұр. Оның алда күтіліп тұрған ахуалы өте нашар.

Бұлардың бәрі ел экономикасының қатты күйреуге ұшырауына бастап әкеле жатыр.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button