Шольц наурызда Украинаға «Leopard 2»-нің 80-ін жіберетінін жеткізді
БЕРЛИН. 11 ақпан. Германия канцлері Олаф Шольц наурыздың соңына дейін 80 бірлік «Leopard 2» танкілерін Украинаға жіберіп үлгеретіндеріне үмітті екенін айтты. Бұл туралы «Укринформ» хабарлады.
Канцлер журналистердің сұрақтарына жауап бере келіп, наурыз айының соңына дейін 2 батальон, яғни 80 дана «Leopard 2» танкілерін іс жүзінде Украинаға жіберуге дайын қылып қоятындарына сенгісі келетінін баяндады. «Ақыр соңында солай болатынына үміт артамын», – деді ол. Неміс басшысы сонымен бірге мұның «оңай болмайтынын» да мойындады.
«Берлин бұл мәселені өзінің әріптестерімен бірлесіп шешуге тырысады», – деді канцлер.
Ал Нидерланд қорғаныс министрі Кайса Оллонгрен ханым бұрын берілген уәденің шегінен шығып, өз елінің Украинаға 18 бірлік «Leopard 2А6» танкілерін бере алмайтынын білдірді. Ол бейсенбі күні парламентте сөйлеген сөзінде осылай деді. «Бұл – соғыстың салдарынан. Алдымен Германияның бұған рұқсаты керек. Тіпті Германия сол рұқсатты берген күнде де біз танкілерді бере алмас едік», – деп шынына келді министр.
Пентагондағылар Ресей армиясы Украинада өзінің арсеналындағы танктерінің жартысынан айрылып қалған деген тұжырымға келіп отыр. Ал қазірге дейін басқыншылар мұнда 3 267 танкісін, 6 474 бронды соғыс машинасын, 2 270 артиллериялық жүйесін тип-типыл қарап етіп алды.