Украин армиясы тәулікте 600 оккупантты жойып, 10 селоны қорғады
КИЕВ. 22 қаңтар. Украина әскерлері өткен тәулікте жаудың 10 елді мекенге шабуылын қайтарып, тағы 600 басқыншыны жаһаннамға жіберді. Бұл туралы «Украинская правда» хабарлады.
Украин сарбаздары 600 оккупантты жер жастандырып, 9 артиллерия жүйесі мен 5 танктің тас-талқанын шығарған. Осымен ресейліктер соғыс басталғалы бері 120 мыңнан аса адамынан айырылып отыр.
«Украина Қарулы күштері 21 қаңтарда күні бойына дұшпанның 10 елді мекен ауданындағы шабуылдарын қайтарды», – делінген Бас штабтың хабарламасында.
Онда сондай-ақ ресейлік оккупанттардың сөтке селбесінде 1 рет ракетадан және 27 сапар авиациядан соққы бергендері атап көрсетілген. Рашистер сол сияқты дүркін отты реактивті жүйеден 55 мәрте атқылаған екен.
Ресей басқыншыларының Авдеевка және Лиман бағыттарындағы шабуылдары түгелдей сәтсіз аяқталды. Жау Бахмут бағытындағы жорық жосынын күшейту үшін авиацияның қолдауына сүйеніп, нөпірді арттыруға әрекет етіп жатыр. Ал басқа бағыттарда украин күштерінің тегеурінінен қаймығып, біржақты қорғанысқа көшіп кеткен.
Өткен тәулікте Украина армиясының бөлімшелері басқыншылардың Луганск облысындағы Новоселовское, Донецк облысындағы Терны, Серебрянское лесничество, Верхнекаменское, Белогоровка, Красная Гора, Бахмут, Первомайское, Марьинка және Победа елді мекендерінде шабуылдарын қайтарды.
Украина Қарулы күштерінің Бас штабы 2022 жылғы 24 ақпаннан 2023 жылғы 22 қаңтарға дейін Ресей оккупациялық армиясының шамамен мынадай жалпы шығынға ұшырағанын атап көрсетті:
жеке құрам (адам саны) – 120 760,
танктер – 3 145,
бронды соғыс машиналары – 6 268,
артиллериялық жүйе – 2 144,
РСЗО – 445,
ПВО құралдары – 220,
ұшақтар – 287,
тікұшақтар – 277,
БПЛА (дрондар) – 1 892,
қанатты ракеталар – 749,
кемелер / катерлер – 17,
автомобильдер мен автоцистерналар – 4 932,
арнайы техникалар – 193.
Мәліметтер тексеріліп жатыр.