Жаңалықтар жаңғырығыЖаһан

Ресей бүгін Украина қалаларын үздіксіз атқылаумен болды

КИЕВ. 14 қаңтар. Бүгін РФ қарулы күштері Украинаның көптеген қалаларын алыстан атқылап шықты. Бұл туралы «Украинская правда» хабарлады.

Украина Қарулы күштері Жаяу әскерлер қолбасшысының орынбасары – штаб бастығы, генерал-лейтенант Олександр Павлюк бүгін украиналықтарды дұшпан тарапынан жаппай шабуыл болатыны жайлы ескертті.

Ресей армиясы Қара теңіздегі «Калибрінен» 20 ракета жіберді.

Оккупанттар Днепр қаласын атқылау кезінде 5 адамды өлтірді, 27 адамды жарақаттады.

Львов және Харьков облыстарында ресейліктер инфрақұрылымдарды атқылады.

Ивано-Франковскіде энергретика нысандарынан өрт шықты.

Жау Киевті де атқылады. Бірақ бұлардың бәрінде әуе қорғаныс күштері жақсы жұмыс істеп, көптеген ракеталарды атып түсірді.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button