Жаңалықтар жаңғырығыЖаһан

Украина әскерлері жау штабын талқандап, бригада командирі жоқ қылды

КИЕВ. 28 желтоқсан. Украина Қарулы күштері кеше оккупанттардың штабын тас-талқан етіп, бригада командирімен бірге бірнеше офицерді жер жастандырды. Бұл туралы УНИАН хабарлады.

Бас штабтың мәліметінше, кемінде ресейлік 12 командир-офицердің көзі жойылған.

«Сейсенбі, 27 желтоқсан күні украин әскерлері ресейлік оккупанттар штабына «отшашу» жіберді. Осының нәтижесінде кем дегенде 12 басқыншының көзі жойылды», – делінген хабарламада.

Украина Қарулы күштері офицері Анатолий Штефон әзірге басқыншылар шығындары жөнінде болжамды мәліметтер бар екенін жазды. Оның айтуынша, «200-дік жүк» қатарында бригаданың жаңадан тағайындалған командирі, артиллерия бригадасының командирі, барлау бригадасының командирі, сондай-ақ басқа да басқару офицерлері бар.

Бұдан бөлек, тағы 7 оккупанттың жараланып, саптан шығып қалғаны айтылып жатыр.

Донецк облысының Авдеевка қаласы маңында украин жауынгерлері Javelin және «Стугна-П» танкіге қарсы ракета кешендерімен Ресей армиясының кемінде үш соғыс машинасын талқандаған.

Бұрнағы күні, 26 желтоқсанда украин жауынгерлері дұшпанның 650 солдатын жер жастандырған болатын.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button