Аргентина жұрты Мессиді елдің президенті тағынан көргілері келеді
БУЭНОС-АЙРЕС. 28 желтоқсан. Аргентиналық атақты футболшы Лионель Месси өзін кезекті сайлау кезінде президент орынтағына ұсынар болса, оны ел тұрғындарының 43,7 пайызы қолдар еді. Бұл туралы MSN хабарлады.
Бұдан бірер күн бұрын Giacobbe & Asociados ұйымы жүргізген әлеуметтік сауалнаманың қорытындысы осындай нәтиже көрскеткен.
Сонымен бірге француздың «Пари Сен-Жермен» командасының форвардын Аргентина президенті ретінде қабылдай алмайтын отандастары саны 37,8 пайызды құраған. Тағы 17,5 пайыздық қауым футболшының мүдуарлығын қолдап қалулары мүмкін екендерін білдірген. Демек, спортшыға бүйрегі бұрып тұратын бұл екі ойлыларды қоссақ, оның алатын жалпы даусы 61,2 пайыз болып шыға келгелі тұр екен.
Еске сала кетейік, 18 желтоқсанда Катарда аяқталған әлем чемпионатының финалдық ойынында Аргентина құрамасы Франция командасын матчтан кейінгі пенальтиде ұтып, алтын жүлдегер атанған еді. Осының арқасында 35 жастағы Месси әлемнің чемпионы атағына қол жеткізді. Бұдан бөлек, ол турнирдің ең үздік ойыншысы атағын да алды.