25 Тамыз, 19:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Татарстан депутаттары Орталықтың шешіміне үзілді-кесілді қарсы шықты

22 Желтоқсан 2022 22:28
- Аймақ, Жаңалықтар
Татарстан депутаттары Орталықтың шешіміне үзілді-кесілді қарсы шықты
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ҚАЗАН. 22 желтоқсан. Татарстан депутаттары республика басшысын президент деп атауға салынған тыйыммен келіспей, бүлік шығарып жатыр. Бұл туралы «Коммерсантъ» хабарлады.

«Татарстан мемлекеттік кеңесінің депутаттары өңір конституциясына республика президентін бұдан былай «басшы» деп атауды заңдастырып беретін өзгеріс енгізуден бас тартты», – деп жазады басылым.

Газеттің жазуынша, жергілікті парламенттің мемлекеттік құрылыс жөніндегі комитеті әріптестерін жоғарыдан осыған байланысты берілген бастаманы қабылдамай тастауға әрекет жасаған.

Комитеттің бірнеше мүшесі өңірде «Татарстан президенті» лауазымын сақтап қалуға шақырды. Единоросс депутаты Марат Галеев оның 1991 жылғы алғашқы сайлауда енгізілгенін және «халықтың президент лауазымы үшін дауыс бергенін» еске түсірді. «Оны осылай қалдыру керек. Кез келген ережеден шығып кете алатын мүйістер болады», – деп, оны коммунистер басшысы Хафиз Миргалиев қолдады.

Депутаттар сондай-ақ республика президентінің орынтағына үміткерге қойылатын талаптардың бірі – екі мемлекеттік тілді де білу жөніндегі қағиданы алып тастауға әрекет жасалауына ашу-ыза білдірді. Мұндай жағдайда орыс тілі озады да, татар тілі далада қалады.

Татарстан конституциясына енгізілетін түзетулер жобасында республиканың егемендігі мен 2017 жылы мерзімі аяқталған өкілеттікті шектеу туралы келісімшартты еске түсіретін жолдар мәтіннен алынып тасталған. Сондай-ақ бастама бір адамға басшы лауазымына екі реттен артық сайлануға тыйым салады. Татар депутаттарына бұл шектеу де ұнаған жоқ екен.

Әзірге Татарстан Ресейдегі республика басшысы «президент» аталатын жалғыз өңір болып қалып тұр. Қалған республикалардың бәрінің президенттері қазір 2021 жылдың соңында қабылданған «Ресей Федерациясындағы бұқаралық билік пен субъектілерді ұйымдастырудың жалпы қағидаттары туралы» заңға сәйкес «басшы» болып аталады.

Татарстан мемлекеттік кеңесінің депутаттары басынан заңнамадағы инициативаларды қолдай қоймады. Кремльдегілер заң жобасына оң баға берді. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков елде бір ғана президент болуы керектігін алға тартты. Ал Миннихановтың пікірінше, жаңа заң жобасының авторлары оны қабылдамас бұрын Татарстанға арнайы келіп, өңірлік парламент мүшелерімен кеңесіп алулары керек еді. Ол жергілікті парламентарийлердің бұл мәселені Мемлекеттік дума қарап жатқан кезде-ақ талқылап, өз бағаларын бергенін еске түсірді.

«Біздің парламенттің позициясы белгілі екеніне қарамастан, осындай заң қабылданып кетті. Бұған қазіргі таңда қалыптасып отырған тарихи жағдайдың әсер еткені түсінікті. Бірақ біз бір бірімізді тыңдай алатын болуымыз қажет. Заңның қабылдап кеткені белгілі, біз заңды тыңдайтын адамдармыз. Алайда біздің даусымызды ешкімнің тыңдамағанын айтуымыз керек», – деді Минниханов журналистерге.

Таңбалар: депутаттарпрезидент лауазымыТатарстан

Ұқсас мақалалар

Берлин КСРО мемориалдарындағы жазуларға өзгертулер енгізгісі келеді
Қоғам

Берлин КСРО мемориалдарындағы жазуларға өзгертулер енгізгісі келеді

31.05.2026
Татарстандағы Жеңіс шеруіне «ақсақ-тоқсақтар армиясы» да қатысты
Әлеумет

Татарстандағы Жеңіс шеруіне «ақсақ-тоқсақтар армиясы» да қатысты

11.05.2026
Қазақстан Татарстанға шабуыл жасаған дрондарға қатысы жоқ екенін мәлімдеді
Аймақ

Қазақстан Татарстанға шабуыл жасаған дрондарға қатысы жоқ екенін мәлімдеді

02.04.2024
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist