ӘлеуметЖаңалықтар жаңғырығы

«Идель-Урал» одағы Татарстан тәуелсіздігі жолында күрескісі келеді

ЛОНДОН. 31 наурыз. Татар диссиденттері мен оппозиционерлерінің «Идель-Урал» одағы НАТО-ға үндеу жариялап, Татарстанның тәуелсіздік алуына көмектесуді сұрайды. Бұл туралы шетел таблоидтары дерегіне сүйенген rast.kz хабарлады.

Татар ұлттық қозғалысы лидерлерінің бірі Рафис Кашапов «24 канал» ТВ тілшісіне берген сұхбатында одақтың Кремльге қарсылық көрсетуі мен Татарстанның РФ-дан бөлініп шығуына байланысты өз жоспарлары жайлы сөз етті.

Татар диссиденттері мен оппозиционерлері Мәскеуге қарсы көтерілу бағытында Еділ бойы республикасы аумағында қазір белсенді қимылдарға көшті. Олар татар миллеті арасында үгіт-насихат және түсіндіру жұмыстарын жүргізуде, кейде тіпті әскер комиссариаттарға от қою сияқты диверсиялық әрекеттерлі де жасайды.

Рафис Кашаповтың өзі 2018 жылы Ұлыбританиядан. Саяси баспана алған, Лондонда тұрып жатыр. Оны орыс билігі 2014 жылы Қырым аннексиясына қарсы наразылық акциясына қатысып, Түркиядан оралған бойында қамауға алған. Сөйтіп, үш жыл түрмеде отырып шықты.

Кашаповтың айтуынша, қазіргі таңда тәуелсіз Татарстан үкіметі республиканың жаңа конституциясын, министрлер кабинетін дайындап, елдің шетелдердегі елшілерін анықтап жатыр. Сондай-ақ түркі елдерімен және еуропалық дәулеттермен тығыз байланыс орнатылады.

Еске сала кетейік, Украина Жоғарғы радасы Татарстан республикасының тәуелсіздігін мойындау туралы қаулының жобасын қарау үшін тіркеуге алып қойды.

 

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button