Днестр бойы «депутаттары» Ресейді «Молдова қысымынан» қорғауға шақырды
ТИРАСПОЛЬ. 28 ақпан. Мойындалмаған Днестр бойы республикасының «депутаттары» бүгін өткен съезде Ресейге «Молдова қысымынан» қорғауды сұрады. Бұл туралы Newsmaker ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
«Депутаттар» өз үндеулерін РФ Федерация кеңесі мен мемлекеттік думасына арнап, Днестр бойын «Молдованың күшейіп келе жатқан қысымы жағдайында қорғау шараларын» қабылдауды өтінді.
Мәлімдемеде Кишиневтің Тираспольмен келіссөз жүргізуге құлықсыз екені атап көрсетіледі. Мұның орнына Днестр бойына қарсы «экономикалық соғыс» ұйымдастыруда. Сепаратистер бұл ретте кедендік жеңілдіктердің алынып тасталғанына наразы екендерін байқатып қояды.
Бәлеқорлар сондай-ақ ОБСЕ, ТМД, Еуропарламент, Халықаралық Қызыл крест қоғамы секілді ұйымдарға және БҰҰ бас хатшысынан да «Молдова билігіне адекватты диалогқа қайта оралуға ықпал етуді» сұрайды.
Еске сала кетейік, Тираспольде өткен барлық деңгейдегі Днестр бойы «депутаттарының» съезі осындай жетінші форум болып отыо. Мұның алдындағы жиын 2006 жылы өткен екен.
Съезд алдында «депутаттар» Мәскеуді мойындалмаған Днестр бойы өңірін Ресейге қосып алуды өтінеді деген қауіп болып еді. Бірақ мұндай мәселе көтерілген жоқ. Шамасы, қазір қырғын соғысқа кіріп кетіп, аяғын нәжіске батырып алып отырған РФ-ға дәл қазір қосылудың пайдасынан зияны көп екенін пайымдаған шығар, ол соғысқа адам беруден қашқан да болар.
АР Ресей сыртқы істер министрлігі Днестр бойы «депутаттары съезінің үндеуіне» жауап ретінде Мәскеудің бұл мойындалмаған өңірдің барлық өтініштерін мұқият зерттеп жатқанын хабарлады.