26 Тамыз, 04:08
RAST.kz
USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қазақстан Татарстанға шабуыл жасаған дрондарға қатысы жоқ екенін мәлімдеді

2 Сәуір 2024 23:50
- Аймақ, Жаңалықтар
Қазақстан Татарстанға шабуыл жасаған дрондарға қатысы жоқ екенін мәлімдеді
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 2 сәуір. Қазақстан Қорғаныс министрлігі Татарстанға шабуыл жасаған дрондардың ел территориясынан ұшып шыққаны жөніндегі ақпарды жоққа шығарды. Бұл туралы The Moscow News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Бүгін Татарстан ғана емес, күллі Ресей аумағы дүрілдеп те, дірілдеп те жатыр: белгісіз бір дрондар майдан шебінен көп алыста жатқан осы өңірге шабуыл жасап, бірнеше нысанның аумағын өртке ұластырды.

Қазақстан Қорғаныс министрлігі Түбән Кама (орысша – Нижнекамск) мен Алабұға (орысша – Елабуга) қалаларындағы кәсіпорындарға жасалған шабуылға Қазақстанның ешқандай қатысы жоқ екенін айтып, ант-су ішті.

«Кейбір Telegram-арналарда таратылып жатқан Татарстан Республикасындағы нысандарға шабуыл жасаған дрондар Қазақстан территориясынан жіберілді-міс деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейді», – делінген ведомство хабарламасында.

Шабуыл Орта Азияның «солтүстік-батыс бөлігіндегі далалық аудандарда» ұйымдастырылуы мүмкін екенін алғаш ауызға алған РФ мемлекеттік думасының қорғаныс жөніндегі комитетінің мүшесі, генерал-лейтенант Андрей Гурулев болды. Бұрыннан Қазақстан хақында оншалықты жақсы сөз айта қоймайтын сабаздың бұған келтірген уәжі де қызық. «Бұл жерлер әуеден де, радиолоакциялық станциялардан да бақылауға алынбайды. Ол жақтан нені болсын өткізіп жібере беруге болады», – деді ол.

Кремль пулінің журналисі Дмитрий Смирнов жаудың дрондарды жіберу үшін Қазақстан территориясын пайдалануы әбден мүмкін екеніне келісетінін білдірді. Ол Түбән Кама мен Алабұғаның бұл елдің шекарасынан 500 шақырым қашықта орналасқанын, ал Украинамен араны 1200 шақырым жер бөліп тұрғанын алға тартты.

Қазақстан Қорғаныс министрлігі «мұндай пәлеқорлық республиканың ішін ала тайдай бүлдіруге бағытталғанын» атап өтіп, азаматтар мен бұқаралық ақпарат құралдарын тарап жатқан бұл өсек-аяңдар мен қауесеттерге мән бермеуге шақырды.

2 сәуір күні Украинаға қарсы басқыншылық соғыс басталғалы бері бірінші рет дрондар Татарстанға дейін ұшып жетті. Алабұғада соққы Иранның Shahed дроны шығарылатын зауытқа, Түбән Камада мұнай өңдеу зауытына берілді.

Украина президенті Володимир Зеленьский бұдан бұрын Украина Қарулы күштері Ресей территориясындағы өнеркәсіп және энергетика нысандарына соққы беретінін мәлімдеген еді.  Оның айтуынша, өйткені, Ресей соғыс басталғалы бері дәл солай етіп келе жатыр.

 

Таңбалар: дронҚазақстан жауабыТатарстан

Ұқсас мақалалар

Украина әскерлері Қырымдағы екі мұнай базасы мен әскери бөлімге шабуыл жасады
Жаңалықтар

Украина әскерлері Қырымдағы екі мұнай базасы мен әскери бөлімге шабуыл жасады

07.06.2026
Германия Ресей билігінің енді өздерін бопсалап қорқыта алмайтынын айтты
Жаһан

Германия Ресей билігінің енді өздерін бопсалап қорқыта алмайтынын айтты

30.05.2026
НАТО: Румынияның жеріне құлаған дрон Ресейдікі болып шықты
Жаңалықтар

НАТО: Румынияның жеріне құлаған дрон Ресейдікі болып шықты

30.05.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist