Жаңалықтар жаңғырығыҚоғам

Ресейдің бұрынғы депутаты: Путин Гаага сотына барып үлгермейді

КИЕВ. 11 желтоқсан. Ресей мемлекеттік думасының бұрынғы депутаты Владимир Путиннің Гаага трибуналына жетіп үлгермейтінін мәлімдеді. Бұл туралы УНИАН хабарлады.

Ресей мемлекеттік думасының бұрынғы депутаты Илья Пономарев қанқұйлы диктатордың өмірі өз жақтастары қолынан үзілетініне соншақты сенімді болып отыр.

«Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин Украинаға қарсы кең ауқымды агрессия жасағаны үшін Гаага сотына жеткізілем дегенше, өз адамдары қолынан қаза тауып үлгереді», – делінген хабарламада.

Экс-депутаттың пайымынша, Путинге байланысты «үкімді» орындауға барынша ықтимал тұлға-киллер Шешенстан лидері Рамзан Кадыровты қарастыруға әбден болады. Мұның ол «Гордон» ТВ-да бас редактор Алесь Бацманға берген сұхбатында баяндады.

«…Оның Гаагаға тап болу мүмкіндігі – жүзден бір. Мен оны онда барып үлгермейді деп ойлаймын», – деді экс-депутат. Ол Путинді пікірлестері оған дейін құртып жібереді деп есептейді.

«…Бір жағынан оның жанында жүрген адамдарға жаңа билікке өздерін жақтас етіп көрсету керек. Тап сондықтан да мен шүріппені басып қалудың ықтималдылығы Рамзан Ахматович үшін өте биік деген болжам жасаймын. Ол, менің көзқарасымша, Путинді өлтіру үкімін орындауға ықыласы бәрінен жоғары адам», – деді Пономарев,

Публицист және саясаттанушы Андрей Пионтковский Ресей әскерлері Херсон облысында жеңіліс тапқаннан кейін бункердегі Владимир Путиннің айналасында РФ-ның Украинаны жеңетініне сенетін адам қалған жоқ дейді. Ресей тарихшысы және саяси талдаушы Валерий Соловей Кремль қожайынының содан бастап жолы болғыш «балақай» репутациясынан бірден айырылып қалғанын атап өтті. Ал Украина Қарулы күштерінің запастағы полковнигі Олег Жданов Ресей президенті ең алдымен шешен көсемінен сақтануы керек екенін айтады.

 

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button