RLI: Кремль енді Лукашенконың көзін құрту жоспарын түзген
КИЕВ. 26 қараша. Кремль Беларусь армиясына тікелей басшылық жасау үшін елдің президенті Александр Лукашенконың көзін жоюды жоспарлап отыр. Бұл туралы УНИАН хабарлады.
Роберт Лансинг институты (Robert Lansing Institute, RLI) аналитиктері ұсынған мәліметтер бойынша, жақын күндерде белорус диктаторына қастандық жасалып, бұған НАТО барлауының басқаруымен қимылдаған Украина мен Польшаның қатыстары бар деген қалп айғақ жапсырылады.
«Путиннің басқаруындағы Кремль Беларусь армиясын Украинаға қарсы соғысқа тартудың радикалды вариантын жоспарласытырып отыр. Атап айтқанда, Ресей өзін өзі жариялаған Беларусь президенті Александр Лукашенконың көзін жойып жіберіп, оның әскерлеріне өздері басшылық жасауды өз қолына алуды ойластырған», – делінген хабарламада.
Кремль тіпті бұл операция сәтсіз аяқталған күннің өзінде бұдан тиімділік таппақшы болып отыр. Путин осының өзін ілік қылып пайдаланып, белорус әскерлерін Украинаға қарай айдап салудың сылтауы етіп алуды көздейді.
РФ әскери барлауы жақында Александр Лукашенкоға қастандық жасаудың сценриі бойынша жұмыс істеуге әрекет ететін болады не соның ишарасын жүзеге асырады. Осылайша Беларусьті біржола өз жағына шығарып алуға талпынып көреді. Операцияның мақсаты, жоғарыда айтылғандай, белорус диктаторын бір қорқытып алып, оны Ресей жағында ашық соғысқа қатысуға мәжбүрлеу болып отыр.
Ресей барлау басқармасы Лукашенконы өлтіру операциясы барысының сценариін жасап қойыпты.