Путин соғысқа барғысы келетін еріктілерге қатысты заң шығарды
МӘСКЕУ. 21 қараша. Ресей президенті Владимир Путин Украинадағы соғысқа қатысқысы келетін ардагерлердің мәртебесі туралы заң шығарды. Бұл туралы The Moskow News хабарлады.
Украинада соғысып жүрген еріктілер ұрыс қимылдарының ардагері мәртебесін алатын болды. Осыған қатысты заңға РФ президенті Владимир Путин қол қойды. Құжат қазір ғана құқықтық ақпарат порталында жарияланды.
«Ұрыс қимылдарының ардагері статусына мемлекеттік билік органдарының шешімдері бойынша құрылған ерікті құрылымдарға кірген және Украина, сондай-ақ 2022 жылғы 24 ақпаннан бері ДХР және ЛХР, 30 қыркүйектен бері Запорожье және Херсон облыстары территорияларында міндеттер орындауға қатысып жүрген адамдар ие болады», – делінген заңда.
Бұдан бөлек, ұрыс қимылдарында жарақат алып қалғандар мүгедек болып саналады.
Бұдан алдын Путин еріктілерді әскери қызметкерлермен теңестіретін заңға қол қойған болатын. Осылайша, олар мен олардың отбасыларына тиісті әлеуметтік кепілдіктер мен өтемақылар беріледі. Мысалы, коммуналдық төлем үшін жеңілдіктер мен қоғамдық көлікте тегін жүру қарастырылады. Сол сияқты еріктілерге берілетін ақшалай қаражат мөлшері дәл осындай әскери қызмет атқаратын келісімшарт қызметкерлерінікінен төмен болмайды.
Бас штаб 1 қарашада соғыс басталғаннан бері оған ерікті болып қатысқан 15 000 әскери қызметкердің болғаны жөнінде есеп берді. Бұл – мобилизациямен әскерге алынғандардың 15 пайызы, ал 24 ақпаннан бері Украинаға аттандырылған әскери топтардың 10 пайызы ғана.
Түпнұсқасы мынадай:
Путин подписал закон о статусе ветерана для воюющих в Украине добровольцев
Воюющие у Украине добровольцы получили статус ветерана боевых действий. Закон об этом подписал президент РФ Владимир Путин. Документ опубликован на портале правовой информации.
«Статусом ветерана боевых действий наделяются люди, вступившие в добровольческие формирования, которые были созданы по решению органов государственной власти и содействуют выполнению задач на территории Украины, а также ДНР и ЛНР с 24 февраля, Запорожской и Херсонской областей – с 30 сентября 2022 года», – говорится в законе. Кроме того, те, кто получил ранения, признаются инвалидами боевых действий.
Ранее Путин подписал закон, приравнивающий добровольцев к военнослужащим. Таким образом на них и членов их семей распространили соответствующие социальные гарантии и компенсации. Например, льготы по оплате коммунальных услуг и право на бесплатный проезд в общественном транспорте. Денежное довольствие добровольцев также не может быть ниже, чем у контрактников, занимающих аналогичные воинские должности.
1 ноября в Генштабе отчитались о 15 000 военнослужащих, которые записались на войну добровольцами с начала вторжения. Это лишь 5% от 300 тысяч мобилизованных и около 10% от военной группировки, которую отправили в Украину 24 февраля.