Ресей телеарналары армияның Херсоннан айрылғанын елден жасырды
МӘСКЕУ. 12 қараша. Ресей мемлекеттік телеарналары РФ армиясының Херсон қаласын украин әскерлеріне беріп қойғанын көрерменге білдірген жоқ. Бұл туралы The Moskow News хабарлады.
«Ресей армиясының Херсон түбінде қирай жеңіліп, Днепрдің арғы бетіне қарай шегінгені президент Владимир Путиннің назарынан тыс қалды. Мемлекеттік телеарналар армияның қаланы беріп қойған фактісін көрермендерден жасырып, оны «әскерлердің қайта топтастырылу» операциясы ретінде атап көрсетті. Насихатшылар да бұл жайында жақ ашқан жоқ, олар генералдардың шешімін барынша қорғап бақты.
Қорғаныс министрі Сергей Шойгу армияға шегіну жөнінде бұйрық берген кезде Путин федералды медицина-биология агенттігінің басшысы Вероника Скворцовамен кездесіп жатты, содан кейін ведомствоның 75 жылдығына арналған салтанатты шараға және ондағы қызметкерлерді марапаттау рәсіміне қатысты.
Президент онда сөйлеген сөзінде Херсонды есіне алған жоқ. Ал сөйлеушілердің бірі оны «орыс жерін түгендеуші» болып аталған Александр Невскиймен теңестіріп, Ресей президентінің де қазір «орыс жерлерін отан құшағына қайтарып» жатқанын сөз етті.
«Херсон жөнінде толық цензура ұрып тұр», – деп жазды өзінің блогына Кремльдің асыранды саясаттанушыларының бірі Сергей Марков. Бірақ кейін ол бұл жазбасын алып тастапты.
Суретте: украин әскерлері қолына түсіп қалмас үшін қарапайым киім киіп алған Ресей армиясының солдаты