26 Тамыз, 22:08
RAST.kz
USD USD 458.87 ₸
EUR EUR 535.09 ₸
RUB RUB 5.42 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Украина Қарулы күштері Херсон қаласына келіп кірді (видео)

12 Қараша 2022 12:48
- Әлеумет, Жаңалықтар
Украина Қарулы күштері Херсон қаласына келіп кірді (видео)
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

КИЕВ. 12 қараша. Кеше кешке Украина армиясы Херсонның батыс жағынан қала аумағына келіп кірді. Бұл туралы The Moskow News хабарлады.

Украин әскерлерін Херсонның Шумен ауданының тұрғындары ұлттық жалауларды желбіретіп қарсы алды. Херсондықтар содан кейін мемлекет жалауларын қолға алып, қаланың орталық алаңына да жиналды.

Жалаулардың бірін жергілікті жұрт Херсон облыстық әкімшілігі ғимаратының төбесіне апарып ілді.

The Guardian жазғандай, Украина Қарулы күштері Ресей армиясы наурыздың басында басып алған қаланың орталығына жауды тықсыра қуып отырып жетті. Басылымның ақпарынша, украин әскери күштері Херсонның Корабель ауданынан да көрінген.

Украина Қорғаныс министрлігінің бас барлау басқармасы «Херсон Украинаның бақылауына алынып жатыр, армия бөлімдері қалаға кіре бастады» деген мәлімет таратты.

Басқарманың байыбынша, Ресей әскерилері қазір украин армиясының толық бақылауында тұр, олардың кез келген әнтек әрекетіне заматында «жауап қайтарылады».

Ресей әскерлері Херсон маңындағы елді мекендерден кете бастаған бойлары жергілікті тұрғындар «Ресей мұнда мәңгілік болады» деген жазуы бар баннерлерді жұлып алып тастауға кірісіп кетті.

Қазір украин әскерлері Херсон облысының Херсон қаласы мен Днепр өзенінің оң жағалауындағы жерлерін толық азат етуге жақын қалды, деп баяндады Херсон облыстық әскери әкімінің кеңесшісі Сергей Хлань.

Оның айтуынша, өзеннен арғы бетке уақытында өте алмай қалған бірқатар орыс солдаттары өздерінің әскери формаларын лақтырып, қарапайым адамдардың киімдерін киіп алып, сыртқа шығып кетуге әрекет етіп жатқан көрінеді. Олардың кейбірін жергілікті тұрғындар украин ұлттық полициясына ұстап берген.

Херсон қаласының азат етілгені туралы ресми хабарлама тек украин әскерлері қаланы толық қауіпсіздендіргеннен кейін ғана жарияланатын болады. Әзірге қалада жау элементтері баршылық. Облыс орталығын олардан тазартып шығу үшін тағы бір апта уақыт керек болуы мүмкін.

Украина президенті Володимир Зеленский 10 қараша күні елдің оңтүстігіндегі 41 елді мекеннің жау тырнағынан босатылғанын хабарлаған еді. Соның ішінде Днепрдің оң жағалауындағы аса маңызды логистикалық торап – Снигировка да бар. Бүгін сол Снигировкада нағыз мерекелік шаттық салтанат құрды. Елді мекеннің жаудан босатылғанынан қатты қуанған халық түнімен осы қуанышты тойлады.

Таңбалар: армияУкраинахалықХерсон

Ұқсас мақалалар

Қасым-Жомарт Тоқаев Украинаны Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады
Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Украинаны Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады

24.08.2026
Украина Подольскідегі ең үлкен Wildberries қоймасына шабуыл жасады
Жаңалықтар

Украина Подольскідегі ең үлкен Wildberries қоймасына шабуыл жасады

16.08.2026
Корея Украинаға Әуе қорғанысы зымырандарын беруден бас тартты
Жаңалықтар

Корея Украинаға Әуе қорғанысы зымырандарын беруден бас тартты

12.08.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Қалп хабар таратып, полицейлерді қараламақ болған қызылордалық қыз жаза алды

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.87 ₸
EUR EUR 535.09 ₸
RUB RUB 5.42 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist