Жаңалықтар жаңғырығыҚұқық

Путин Ресейдің өз ішіне де «соғыс жағдайын» жариялағалы жатыр

МӘСКЕУ. 22 қазан. РФ президенті Владимир Путин «соғыс жағдайын» өз әскерлері уақытша басып алған украин жерінде ғана емес, Ресейдің шекаралас өңірлеріне де енгізетін түрі бар. Бұл туралы «Генерал СВР» телеграмм-каналы хабарлады.

Ресей президенті Владимир Путин ФСБ директоры Александр Бортниковқа Украинаның оккупацияланған территорияларына соғыс жағдайын және Қырым Республикасына, Краснодар өлкесіне, Белгород, Брянск, Воронеж, Курск, Ростов облыстары мен Севастополь қаласына «ішінара» соғыс жағдайын енгізуден бөлек, аймақтар басшыларын бақылауды күшейтіп, олардың әрбіріне жеке куратор тағайындау жөнінде өкім берді.

Пабликтің мәліметінше, губернатор уәкілеттігінің екі жақты бақылауға алыну арқылы «кеңейтілуі» және өз бетінше шешім қабылдау құқынан айырылуы, соған қарамастан, жауапкершілігінің толық қалпында қалуы Кремль тарапынан оларды мазаққа айналдыру болып табылады. Ресурс бірнеше аптадан бері президенттен көмек сұрап, жалынып жүрген Белгород облысы губернаторының «ақырында өзіне өзі көмек көрсетуге» қол жеткізгені дегенді меңзеп әжуалайды.

Телеграмм канал Путиннің күштік блок басшылығының өкілдерімен өткізілген отырыстың жабық бөлігінде мобилизация жасындағы ер кісілер ревзервінің Ресейден сыртқа кетуіне тыйым салу жайын талқылағанын, іс жүзінде мұның шешіліп қойылған мәселе екенін хабарлайды. Қазіргі таңда қабылданған шешімді жүзеге асырудың формасы ғана талқыланып жатыр. Қазірдің өзінде миллионнан астам адамның сыртқа кетуіне тосқауыл қоюдың мүмкіндігі бар, ал жақын арада ол тізім жеті миллионға дейін ұлғайтылмақшы.

Бұдан бөлек, РФ билігі мобилизация резервінде есепте тұратын адамдардың Ресей территориясынан тысқары кетуге әрекет етушілердің бәрінің банктегі есепшоттарын бұғаттап тастау мәселесі қаралуда. Сонымен бірге, 2023 жылдың басында соғыс жағдайының Мәскеуге де енгізілетіні ықтимал екендігі айтылып жатыр.

 

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button